Спорт • 18 Мамыр, 2020

World Skate олимпиадалық квалификациялық кезең уақытын хабарлады

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүкіләлемдік роллер-спорт пен скейтбординг федерациясы (World Skate) Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиада ойындарының шегерілгеннен кейін квалификациялық кезең туралы жаңартылған ақпарат ұсынды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

World Skate олимпиадалық квалификациялық кезең уақытын хабарлады

Алғашқы квалификациялық кезең коронавирус пандемиясына байланысты Олимпиада шегерілгеннен кейін тоқтатылған болатын. 2020 жылға жоспарланған Олимпиада ойындарының уақыты 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамыз аралығында өткізілетіні мәлім болған соң жарыс күнтізбесіне өзгеріс енгізілді.

World Skite наурыз бен сәуір айын Олимпиадаға іріктеу жарыстарын жоспарлауды қарастырды. Нәтижесінде, екінші квалификациялық кезең 2021 жылдың 29 маусымына дейін жалғасады.

Айта кетейік, скейдбординг - Олимпиада ойындарына жаңадан қосылған спорт түрі. Олимпиада тарихында Токио Олимпиадасында тұңғыш рет өтеді деп жоспарлануда.