Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Қытайда 5G желісін қанша адам пайдаланады?

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Cntechpost.com порталының хабарлауынша, бұл көрсеткіш көрші елде бүгінгі таңда 50 млн адамға жеткен екен. Қытайдан кейінгі екінші орындағы Оңтүстік Кореяның 5G жүйесін тұтынатын 5 млн пайдаланушысы бар. Қазақстанда аталмыш стандартқа қашан қол жеткізетініміз әзірге белгісіз болып тұр.

Қытайда 5G желісін қанша адам пайдаланады?

Қарап отырсаңыз, Еуропа емес Азия елдері осы жаңа стандартты мықты пайдаланып жатқан сияқты. Еуропа дейтініміз, Британия және Нидерланд елдерінде осы  5G денсаулыққа зиян екен деп байланыс стансаларын өртеп жіберіп жатқан оқиғалар болған еді. Тіптен, 5G-дің коронавируске де қатысы бар деген ойлар дәл осы кәрі құрлықта айтылған.

Қытайлық ақпарат және байланыс ғылыми-зерттеу институтының зерттеуінше жоғарыда аталған сан жақын арада жылдам өседі деген болжам бар. Биылғы сәуір айында ғана Қытайда 5G байланысын қолдайтын 16 млн смартфон сатылған. Қазірдің өзінде бұл стандартта жұмыс істейтін гаджеттердің 60 түрі бар екен.