Спорт • 18 Мамыр, 2020

Шілдеге дейін үстел теннисінен халықаралық турнирлер өтпейді

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық үстел теннисі федерациясы коронавирус індетіне байланысты мәселелерді шешу үшін кезекті онлайн жиын өткізді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Шілдеге дейін үстел теннисінен халықаралық турнирлер өтпейді

Жиын барысында алдағы маусымды өткізу мәселелері талқыланды. Оның ішінде, бюджетті жоспарлау да бар. Сондай-ақ жаңа талаптар бойынша жұмысты күшейту үшін қызметкерлерге түрлі семинарлар өткізу туралы шешім қабылданды. 

Ал халықаралық жарыстарды өткізу туралы мәселе бұрынғы күшінде қалды. Халықаралық федерация 2020 жылғы маусымның соңына дейін турнирлерді өткізбеу керектігін мәлімдеген болатын.