Теннис • 19 Мамыр, 2020

Шегеру уақытын ұзартты

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жарыстарды коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылдың 31 шілдесіне дейін тоқтатқанын ресми түрде мәлімдеді.

Шегеру уақытын ұзартты

Федерация сайты таратқан ақпаратта аталған шешімді тек қана ITF сайыстары емес, сонымен қатар ерлер арасындағы кәсіпқой теннис ассоциациясы (ATP) мен әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) да қабылдаған. Осылайша ерлер арасындағы Гамбург, Ньюпорт, Бостад, Лос-Кабос, Гштад, Умага, Атланта және Кицбюэлдағы, соны­мен қатар әйелдер арасындағы Буха­рест, Лозанна, Палермо, Юрмала, Нью-Хей­вен және Карлсруэдағы бәсекелер кейінге шегерілді.

Бұған дейін, ITF барлық жарысты 13 шілдеге дейін өтпейтінін мәлімдеген еді. Сол аралықта «Үлкен дулыға» санатындағы Уимблдон бәсекесін өткізу уақыты кейінге созылған-ды. Сонымен қатар «Ролан Гар­рос» турнирі көктемнен күз айына ауыс­тырылса, АҚШ ашық чемпионаты Нью-Йорктен Калифорнияның Индиан-Уэллс қаласына көшіру туралы ұсыныс қаралып жатыр.