Футбол • 19 Мамыр, 2020

Төрт нұсқа ұсынылды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен аптада Еуропаға екі айға жуық үзілістен соң ала доп аламаны қайта оралды. Кәрі құрлықта ең бірінші болып ішкі біріншілікті Германия Бундеслигасы бастап берді.

Төрт нұсқа ұсынылды

Ал Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы коронавирус пандемиясына байланысты уақытша тоқтаған ел чемпионатын қайта жалғастыру уақытының төрт нұсқасын қарастырып жатыр. Бірінші нұсқа – 31 мамыр мен 4 қазан, екінші нұсқа – 10 маусым мен 25 қазан, үшінші нұсқа – 20 маусым мен 8 қараша, төртінші нұсқа – 1 шілде мен 22 қараша аралығы. Алдағы уақытта мамандар елдегі індеттің таралу қарқынын бағамдап, осы төрт нұсқаның біріне тоқ­тамақ. Сондай-ақ биылғы біріншілік әдет­тегідей үш емес екі айналыммен шектелетін болды.

Айта кетейік, футболдан биылғы ел біріншілігі 7 наурызда басталып, 16 наурызда коронавирус пандемиясына байланысты тоқтаған-ды. Осы уақыт аралығында командалар екі тур ойнады.