Экономика • 19 Мамыр, 2020

Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары жаңа редакцияда әзірленеді

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Мамин Үкімет отырысында айтты.

Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары жаңа редакцияда әзірленеді

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен әлемдік және ұлттық экономикадағы қазіргі жағдайға байланысты 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары жаңа редакцияда әзірленетін болады. Ол институционалдық және құрылымдық реформаларды жүргізуді қамтитын орта мерзімді кезеңге арналған жаңа экономика бағытының негізгі бағарларын айқындайды. Экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру басты міндетке айналады. Аталған стратегия өз-өзін қамтамасыз етуді арттыруға, бәсекеге қабілетті шикізаттық емес секторға сапалы инвестиция мен қосылған құнның жаһандық және өңірлік тізбектеріне кіруге негізделеді», - деді Асқар Мамин.

Бұдан соң ол Ұлттық экономика министрлігіне стратегия жоспарының жаңа редакция жобасын 2020 жылғы 1 шілдеге дейін Үкіметке енгізуді тапсырды.