«Ашық НҚА» порталында «Халық алғысы» медалі туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығының жобасы орналастырылған. Онда медаль туралы түсініктемеде коронавирус инфекциясына қарсы күресте ерекше көзге түскен Қазақстан азаматтарын көтермелеу мақсатында осындай шешім жасалып отырғандығы жайлы айтылған.
Медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Президентіне Парламент палаталары, Үкімет, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Сот, министрліктер, өзге де орталық мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер береді.