Әлем • 19 Мамыр, 2020

Бүгін - Түркияда Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күнi

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін түркиялықтар тәуелсіздік үшін күрескен ұлттық-революциялық қозғалыс лидері Мұстафа Кемал Ататүрікті еске алуда.

Бүгін - Түркияда Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күнi

1919 жылдың 19 мамырында тәуелсіздік үшін күрескен ұлттық-революциялық қозғалыс лидері Мұстафа Кемал Ататүрік 9-шы армияның инспекторы ретінде Самсунға келіп, шетелдік интервенцияға қарсы мобилизация жариялады. Бұл күн Түркияның азаттығы үшін соғыстың ресми басталған күні болып саналады. Бұл уақытта Түркия мен Грекия соғысып жатқан болатын. Кейіннен Ататүрік сөйлеген сөздерінің бірінде 19 мамырды өзінің туған күні деп жариялады (оның нақты туған күні белгісіз).

Тәуелсіздік үшін ұлттық қозғалыстың негізін жастар құрағандықтан, 1938 жылдың 20 маусымы күні 19 мамырды Жастар және спорт күні ретінде белгілеу туралы заң шықты. Бұл күн алғаш рет 1935 жылы 24 мамырда «Ататүрік күні» ретінде атап өтілген болатын. Сол күні спорт күні де өтті. Кейіннен спорт конгресінде осы екі мерекені біріктіру туралы ұсыныс жасалып, бұл заңмен бекітілді. 1980 жылдың 12 қыркүйегінен бұл күннің ресми атауы «Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күні» деп аталып келеді.

Еске сала кетейік, өткен жылы Түркиядағы Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған ұлт-азаттық күрестің басталуына 100 жыл толған еді. Ал биыл бауырлас Түркия жұрты Мұстафа Кемал Ататүріктің бастамасымен құрылған ел парламентінің жүз жылдық мерейтойын тойлайды.