Орал қаласында Капустин Яр және Азғыр полигондарының экологиялық жағдайы мен экологиялық залалын анықтайтын республикалық комиссияның көшпелі отырысы өткізілді. Оған Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, аталмыш комиссияның төрағасы Бектас Мұхамеджанов төрағалық етті. Онда Капустин Яр және Азғыр әскери полигондарының әсері аймағындағы экологиялық жағдайлар жөніндегі мәселелер қаралды.
Орал қаласында Капустин Яр және Азғыр полигондарының экологиялық жағдайы мен экологиялық залалын анықтайтын республикалық комиссияның көшпелі отырысы өткізілді. Оған Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, аталмыш комиссияның төрағасы Бектас Мұхамеджанов төрағалық етті. Онда Капустин Яр және Азғыр әскери полигондарының әсері аймағындағы экологиялық жағдайлар жөніндегі мәселелер қаралды.
Аталған полигондарға жақын орналасқан облыстың Ақжайық, Бөкей ордасы, Жәнібек, Жаңақала, Қазталов және Қаратөбе аудандарында 150 мыңнан астам халық тұрады. Сынақ алаңдарындағы жарылыстар мен әскери сынақтардың қоршаған ортаға және жергілікті халықтың денсаулығына кері әсер еткені анық.
Мұны анықтау мақсатында полигондарға жақын орналасқан аудандарға 1994 жылдан 2005 жылға дейін 13 ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Соңғы рет 2005 жылы 6 аудандағы экологиялық жағдайды анықтау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Алайда мәселе түпкілікті шешімін тапқан жоқ.
Өйткені, аудандардың тұрғындары кешенді медициналық тексеруден өткізілмеді. Сондықтан 2008 жылы Елбасы өңірімізге келген сапарынан кейін Үкіметке осы аудандардың экологиялық жағдайын зерттеу жөнінде берген тапсырмасы бойынша құрылған комиссия осындай кешенді тексеріс өткізетін аудандарды, олардың радиусын анықтауы керек. Осы мақсатта республикалық комиссия аймақтардың тұрғындарымен, басшылығымен кездесіп, оның қорытындыларымен тиісті бюджеттік бағдарламаларға енгізу үшін қаржының мөлшерін анықтап, Үкіметтің алдына мәселе етіп қоюды көздейді.
Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменнің айтуынша, жыл сайын бала кезден және 18 жасқа дейінгі мүгедектерге мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша жергілікті бюджеттен 121,5 млн. теңге шамасында жәрдемақылар төленуде. Жаңақалада медициналық оңалту орталығы салынды, жыл сайын онда 1500-дей адам медициналық-сауықтыру көмегін алуда. Соңғы жылдары осы аудандардың 13 елді мекеніне газ жеткізілді, 13 елді мекенге су құбыры тартылды.
Чапаев-Жаңақала, Орал-Қазталов бағытындағы жол құрылыстары басталды. Сондай-ақ, ол бұл аймақтың тұрғындары полигон зардабынан гөрі әлеуметтік даму мәселелеріне көбірек алаңдайтынын атап көрсетті. Аймақтарда ауыз су жетіспейді. Зерттеу бойынша судың сапасы нашарлығы, құрамында ауыр металдардың көптігі анықталған. Судың тапшылығына байланысты осы аймақтарда халықтың, жануарлар мен құстардың өмір сүру жағдайларының нашарлауы, жердің шөлге айналу қаупі артуда. Сарыөзен және Қараөзен өзендеріне Еділден көктемгі ағын су алу үшін Ресей Федерациясына жыл сайын 820 миллион теңге шамасында қаражат төленеді.
Жол сапасы да өткір мәселелердің бірі, облыстағы 517 елді мекендердің 62-сінде немесе 12%-ында қатты жамылғылы жолдар болса, Бөкей ордасы, Қаратөбе аудандарында ондай да жоқ. Бұл мәселелердің бірқатары облыстық, мемлекеттік салалық даму бағдарламаларына енгізілді. Серік Кенжетайұлы бағдарламаларды іске асыру барысында әскери полигоннан зардап шеккен аймақтарға қатысты жобаларды бірінші кезекте қарауды ұсынды.
«Нарын» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Кәкен Көбейсінов сынақ зардаптарын анықтау бағытында жүргізілген зерттеу жұмыстары жайында әңгімелеп, оның қорытынды материалдарын республикалық комиссия төрағасына табыс етті. Сөйлеушілердің бірқатары табиғатта радиациялық зиянды заттардың 60-70 жыл бойына сақталуы мүмкін емес деген де пікір айтты.
Алайда, бұл аумақтардағы адамдардың аурулығы, мүгедектер саны мен балалар өлімінің көрсеткіштері республикалық деңгеймен салыстырғанда жоғары. Солай болғанмен қолданыстағы материалдар Капустин Яр, Азғыр ядролық сынақ полигондарының зиянды әсерінің көлемін нақты анықтау үшін жеткіліксіз.
«Полигондар маңындағы аудандарды зілзала апатты аймағы деп тану дұрыс емес. Өйткені, аймақтарды эколог