Аймақтар • 19 Мамыр, 2020

Шымкентте әзірге тамақтану орындары ашылмайды

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов әлеуметтік парақшасында мәлім етті. 

Шымкентте әзірге тамақтану орындары ашылмайды
– Кейбір әлеуметтік желілерде 18 мамырдан бастап қоғамдық тамақтану орындары (асхана, кафе, ресторан, барлар) және спорт залдар ашылады деген хабарлама тарап, тіпті кейбір кәсіпкерлеріміз дайындыққа кірісіп кетіпті.
 
Әкімдік тарапынан әзірге ондай қаулы қабылданып, шешім шықпады. Өздеріңізге белгілі, мемлекет басшысы нысандарды ретімен іске қосуға тапсырма бергенімен, қалаларда ол процес эпидемиологиялық жағдайға байланысты жүзеге асады.
 
Бәріміз карантиннің аяқталуын асыға күтіп, саябақ, базарларға шыққанымызға қуанғанымыздан, санитарлық талаптарды ескерусіз қалдырып жатырмыз. Өкінішке орай, қаламызда алдыңғы күні 77 адам, кеше 60 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.
 
Сол себепті қаладағы барлық нысандарда санитарлық талаптардың орындалуы бойынша мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде бірқатар шектеулер қойылатын болады. Барлықтарыңыздан барынша қауіпсіздік шараларын сақтап, мүмкіндігінше үйде болуларыңызды сұраймыз, - деп көпшілік мазалаған сауалға жауап берді.