27 Қыркүйек, 2013

Партия сапындағылар даму тетігі болулары тиіс

275 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Облыс орталығында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ХIII кезектен тыс конференциясы болып өтті. Партия съезі қарсаңында eлiмiздің әр түкпірінде eceптік-сайлау жиындары өтуде. Оларда бүгінге дейін атқарылған жұмыстарға есеп бepіліп, жаңа Доктрина жобасы талқыланып, алдағы съезге делегаттар сайлануда.

 VNB6408

Облыс орталығында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ХIII кезектен тыс конференциясы болып өтті. Партия съезі қарсаңында eлiмiздің әр түкпірінде eceптік-сайлау жиындары өтуде. Оларда бүгінге дейін атқарылған жұмыстарға есеп бepіліп, жаңа Доктрина жобасы талқыланып, алдағы съезге делегаттар сайлануда.

 VNB6408

Конференция жұмысына Парламент Мәжілісінің Төрағасы, «Нұр Отан» парламенттік фракциясының жетекшісі, Саяси кеңес бюросының мүшесі Нұрлан Нығматулин бастаған төменгі палатаның депутаттары, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ерлан Арын, қалалық және аудандық ұйымдар делегаттары, жастар ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиында «Партияның Саяси доктринасы» мен «Нұр Отан» ХДП-ның жаңа міндеттері қа­рал­ды, партияның XV кезектен­ тыс съезіне делегаттар сайланды. Ал жиындағы басты мәселе «Нұр Отан» партиясының Док­тринасын талқылау болды. Мәжіліс Төрағасы жаңа­ партиялық құжаттың маңызды­лы­ғы мен өзектілігін айта ке­ліп, оның «Қазақстан-2050» Стра­тегиясында жүктелген маңызды стратегиялық міндеттер жолында барша қазақстандықтарды біріктіруді көздейтіндігін жет­кізді. Сондықтан, «Нұр Отан» партиясының ел назарына түсіп, қоғамдық талқылауға ұсынылған жаңа Доктринасы алдағы бо­ла­шақтың бағдарламасын айқын­дайтын құжат деуге болады.

Елбасы Жолдауын негізге алып құжаттың жобасы «Нұр Отан» партиясының құрылғанына15 жыл толу қарсаңында даярланды. Жаңа Саяси доктрина ел дамуының алдағы болашағына арналып жазылған бірнеше бөлімдерден тұрады Яғни, құжат қоғамның барлық саласын қамтуымен құнды екені айтылды. Біздің өңірдегі партиялық ұйым қатары 419 бастауыш партия ұйымына бipiккен, 60 мыңнан астам нұротандық мүшелері бар.

Нұрлан Нығматулин павлодарлық нұротандықтардың елiміздің, соның ішінде, облыстың дамуы жолындағы үлестеріне тоқталды. Сондай-ақ, алдағы съезде қаралатын жаңа Саяси доктринаның маңызына баса назар аударды. Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, жаңа партиялық құжат Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындаудағы партияның рөлін анықтайды, өйткені, «Нұр Отан» Елбасының барлық стратегиялық бастамаларын жүзеге асырудағы негізгі тipeгi болып табылады.

– Доктринада мемлекет пен халық арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа қағидаттары белгіленген. Олар: азаматтарға қызмет ететін мемлекет, жауапты азаматтық қоғам және әлеуетті әpi белсенді азаматтардың бipлecтiгi. Сондай-ақ, Доктринада табысты дамудың жеті факторы айқындалған. Соларды басшылыққа ала отырып, «Нұр Отан» партиясы Елбасымыздың жақтастарын бip мақсатқа жұмылдыру жұмысын одан әрі жалғастыратын болады. Ол үшін барлық деңгейдегі партиялық құрылымдардың жұмыс тиімділігін одан әрі арттыру өте маңызды болмақ, – деді конференцияда сөйлеген сөзінде Нұрлан Зайроллаұлы. Яғни, партия жұмысының нәтижелі болуы, беделінің артуы мен даму болашағы, ең алдымен, партиялық жетекшілердің азаматтық ұстанымдары мен бас­тамаларына байланысты.

Мәжіліс Төрағасы партия халық проблемасын шешуге белсене араласып, іскерлігін шыңдай білгенде ғана өзінің басымдығын сақтап, қатарын одан әрі нығайта алады деп есептейді.

«Сондықтан Елбасы – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев әрқашанда орталықтағы, жергілікті жерлердегі партиялық ұйым қызметкерлері мен депутаттар өздерінің күнделікті жұмысы арқылы мемлекетке, қоғамға, тұрақты даму мен болашаққа қажетті механизм – «Нұр Отан» болып табылатынын дәлелдеуге тиіс екендігін баса айтып келеді. Біз келешекте де ұзақ мерзімді жоспарымызды толықтай жүзеге асыруға тиіспіз. Осы жолда партия филиалдарының, бастауыш ұйымдарының, барлық деңгейдегі мәслихаттардың, депутаттық фракциялардың арасында өзара ынтымақтастық өте жоғары болуы керек. Сонда ғана бiз Елбасымыз – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жүктеген тапсырмаларды абыроймен атқаратын боламыз», – деп түйіндеді ойын Н.Нығматулин.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ПАВЛОДАР.

Соңғы жаңалықтар