Мәселен, 21 жастағы жүргізуші дәл осылай ерсі қылық көрсетті. Ол «Mercedes Benz» көлігінің капотына Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын жауып алып, бірнеше рет айналу маневрін жасапты. Сөйтіп, жол ережесін бұзды. Жол жабындысын ластады.
– Полиция қызметкерлерімен 18 мамырда кешкі сағат 20:30 шамасында «Mitsubishi L300» және «Mercedes Benz» көліктерінің жүргізушілеріне жол қауіпсіздігін сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 595-бабының 1-бөлімімен, 630-баптың 1-бөлімімен хаттамалар толтырылды. Бұған қоса «Mercedes Benz» көлігінің жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 458-бабының 1-бөлімімен (ҚР Мемлекеттік Туын пайдалану және тәртібін бұзғаны үшін) 138 900 теңге айыппұл салынды, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.