Оқиға • Бүгін, 10:07

Оралда полиция қызметкері қыз зорлады деген күдікпен ұсталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде Абай аудандық полиция бөлімінің 25 жастағы қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қыз зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда полиция қызметкері қыз зорлады деген күдікпен ұсталды

Фото: Ашық дереккөз

Алдын ала ақпарат бойынша, полиция қызметкері көршілердің шуға қатысты шағымынан кейін пәтерге барған. Кейін сол жерде жәбірленушіге қатысты заңсыз әрекет жасалды деген ақпарат тараған.

Қала прокуратурасының баспасөз қызметі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, жұмыстан босатылған.

Кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген қызметкер ауруханада қайтыс болды

Полиция департаменті мұндай заң бұзушылықтарға мүлде төзім болмайтынын мәлімдеп, қызметкерлердің тәртіп пен заң талаптарын қатаң сақтауы міндет екенін атап өтті. Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында нағашы атасы туған жиеніне зорлық көрсетті деген күдікпен іс қозғалған болатын. 

Соңғы жаңалықтар

Сәтті серпіліс

Пікір • Бүгін, 09:45

Сапаны арттыратын шешім

Пікір • Бүгін, 09:40