Аймақтар • 19 Мамыр, 2020

Көкшетау техникалық институтының мұражайында 500-ге жуық жәдігер бар

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау техникалық институтының қабырғасында осыдан 2 жыл бұрын мұражай ашылған болатын. Қазір 500-ге жуық жәдігер бар.  

Көкшетау техникалық институтының мұражайында 500-ге жуық жәдігер бар

Көкшетау техникалық институттың аға ғылыми қызметкері Сапарғали Асылбеков мұражайдың құрылуына, оның одан әрі дамып, жетілуіне сүбелі үлес қосқан жан. Ол мұражай қабырғасын 1973 жылдан бері интитуттың іргетасын қалаған ардагерлердің фотосуреттерімен толықтыруды жөн көрген.

– Екінші жәдігеріміз – 50-ші жылдарға дейін қолданыста болған дүние. Сонау 1940 жылдары тек сондай насосты пайдаланған. 4 кісінің күшіменен сүйреп алып жүретін, арбамен, атпен алып жүретін насос, соны алып келіп, жөндеуден өткізгеннен кейін, сырлап, әдемілегеннен кейін осы мұражайымызға орналастырылды. Нағыз құнды жәдігер сол болып тұр,–дейді Көкшетау техникалық институтының аға ғылыми қызметкері Сапарғали Асылбеков.

Мұражайда 70-ші жылдары құтқарушыларды дайындаған уақытта қолданылған өрт сөндіретін мотопомпаларда орналастырылған. Кезінде оқу құралы ретінде пайдаланылған бұл жәдігерлерді Көкшетау техникалық интитутындағы мұражайдан басқа еш жерде кезіктіре алмайсыз.

– Енді тағы бір жәдігеріміз индукциялық телефон. Қолмен бұрап, тоқ беріп, сосын барып сыммен жалғап, бірнеше жүз метрге дейін сым тартып, сондай ғана байланысқа шығатын телефон болған. Сол телефонның біреуін төтенше жағдайлар департаментінің қоймасынан табылып, бізге тапсырды,– дейді Көкшетау техникалық институтының аға ғылыми қызметкері Сапарғали Асылбеков.

Сол сияқты, 60-шы жылдары өрт сөндірушілер қолданған каска да мұражай қабырғасынан орын тапқан.