Қоғам • 19 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтан әкімдігінің қызметкерлері мақтааралдықтарға бір күндік жалақыларын аударды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әкімдік пен оған бағынышты ұйымдардың қызметкерлері Түркістан облысының Мақтаарал ауданының су басқан ауылдарының тұрғындарына көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударды. Қаржы ауылдардың инфрақұрылымдары мен үйлерін қалпына келтіруге арналған. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің қызметкерлері мақтааралдықтарға бір күндік жалақыларын аударды

Бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімдігі Мақтаарал ауданына гуманитарлық көмекпен жүк көліктерін жіберді. Аудан тұрғындарына 40 тонна тауар жіберілді, оның 20 тоннасы ұн, сұйық май, қант, күріш, макарон, кір жуатын ұнтақ, сабын, су сабын сияқты бірінші кезектегі қажетті заттарды жіберді.

Сондай-ақ шатыр, құрылыс материалдары, жүзден астам керует, төсек-орын, ыдыс-аяқ пен су сорғытатын жеті нанос жөнелтілді.