Бүгін «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев және елорда әкімі Алтай Көлгінов онлайн режімде кездесті. Кездесуге аудан әкімдері мен қалалық басқарма басшылары қатысты.

«Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі, елорда әкімінің кеңесшісі, қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекенов атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Жоба аясында «ашық әкімдік» тұжырымдамасы бойынша елорданың барлық аудан әкімдіктерінде азаматтарға қызмет көрсететін заманауи фронт-кеңселер ашылған. Өткен жылдан бастап кәсіпкерлерге қызмет көрсететін жаңа «iQala» орталығы жұмыс істеуде. Бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» мен «Бюджетке қатысу» жобалары іске асуда.
«IQala» қалалық қызмет көрсету орталығының басшысы Р. Жұмаділов орталықтың жұмысы туралы атап өтті.
Орталықта «бір терезе» қағидаты бойынша 131 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
Орталық басшысы карантин кезінде жүк көлігімен азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларды Нұр-Сұлтан қаласына және Нұр-Сұлтан қаласы арқылы тасымалдайтын жүргізушілерге арналған жаңа «жасыл дәліз» қызметі туралы толығырақ баяндады.
Жүргізушілер post.iqala.kz сайты арқылы өтініш беріп блок бекеттен кедергісіз өтуге мүмкіндік алған. Өтініш тікелей «Сергек: блок бекеті» қосымшасына түседі.
Жүк көлігінің жүргізушісі сайтқа кіріп, қалаға кіру/шығу, көліктің нөмірін, ЖСН, тасымалданатын жүктің атауын, олардың санын және жүретін жолын көрсетіп өтініш толтыру қажет.
Өтініш берген кезде ЭЦҚ және басқа да құжаттар талап етілмейді. Бұл қызмет түрі Нұр-Сұлтан қаласына ғана қатысты.
Блок бекетте ақпараттарды қолмен толтырудың қажеті жоқ. Бұл жаңашылдық жүргізушілер үшін уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Адамдармен тікелей байланыс болмайды.
«Астана – адалдық алаңы» жобасының менеджері, «Мы за Чистую Страну» экологиялық қозғалысының ұйымдастарушысы ШАСАЛИМ ШАГАЛИМОВ елорданың экологиялық жағдайын бақылауға арналған «Zhasyl Qalqan» мобильді қосымшасын таныстырды.
Жоба менеджерінің айтуынша, қосымшаның көмегімен экологиялық бұзушылықтарды анықтауға, экологиялық акцияларды ұйымдастыруға және қатысуға, сондай-ақ қала тұрғындары отырғызған барлық ағаштарды тіркеуге және картаға белгілеуге болады.
«Сіз ағаш отырғыздыңыз. Содан кейін қосымшаның көмегімен талды суретке түсіресіз, одан кейін отырғызылатын жерді, ағаштың түрін, биіктігі мен жасын, диаметрін, отырғызу күнін белгілейсіз. Белгілегеннен кейін автоматты түрде QR код шығады. Егер сіз оны басып шығарып, ағашқа тақтайша етіп іліп қойсаңыз, онда біздің қосымшамыздың көмегімен кез-келген адам осы ағаштың тарихы туралы барлық ақпаратты оқи алады. Қазіргі уақытта біздің қосымшамызды iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығына біріктіру процесі жүріп жатыр», - деді Шасалим Шагалимов.
«Zhasyl Qalqan» мобильді қосымшасы сізге әртүрлі экологиялық акциялардың ұйымдастырушысы немесе қатысушысы болуға, сондай-ақ жергілікті әкімдіктерге проблемалық аймақтарды көруге мүмкіндік береді. Қосымшаның толыққанды жұмыс істеуі экологиялық бұзушылықтардың азаюына ықпал етеді.
«Zhasyl Qalqan» қосымшасы «Play Маркет» және ресми сайтта қол жетімді.
Алик Шпекбаев еліміздегі жобалық кеңселер жүзеге асырып жатқан бастамалар туралы айтты. Қоғамда сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыру мақсатында Агенттік халық арасында парасаттылық қағидатын насихаттауда. Іске асырылған жобалар тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға және азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Алтай Көлгіновтің айтуынша, халық пен бизнес өкілдерінің мемлекеттік және басқа да қызмет түрлерін алу процестерін барынша жеңілдету ұйымдардың жұмысында тиімділікті арттырады, қызметтерді алу процесін жеңілдетеді және тұтынушыға бағытталған барлық ұсынылатын қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Елорда әкімі бюджетті және әкімдіктің ведомстволық бағынысты ұйымдарын оңтайландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы атап өтті.
Оңтайландыру нәтижесінде 32 млрд теңгеден астам қаражат үнемдеуге мүмкіндік берген.
Әкім сондай-ақ қаржылық шығындарды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және өтініш берушілердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік беретін тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметтерін автоматтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы бөлісті.
Кездесу соңында «Астана – адалдық алаңы» жобасын дамыту және кеңейту бойынша алдағы жоспарлар мен міндеттер талқыланды.
Жапония халқы Олимпиаданың өтуіне қарсы шеруге шықты
Әлем • Бүгін, 18:47
Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 17:57
Шымкентте тәртіп бұзған қоғамдық тамақтану орындары анықталды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңгені тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:30
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналардың 5 қабаттан құлағаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 14:48
АҚШ-та COVID-19-қа қарсы 2,9 миллион вакцина салынды
Әлем • Бүгін, 14:07
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 10:49
Спорт • Бүгін, 10:10
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • Бүгін, 09:47
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • Бүгін, 09:37
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:27
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:07
Спорт • Кеше
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • Кеше
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • Кеше
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • Кеше
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • Кеше
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • Кеше
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • Кеше
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Кеше
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Дзюдодан Париждегі турнир Қазан қаласына ауыстырылды
Спорт • Кеше
Атырау облысында газдан уланған төрт адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішінде 5 автобус отқа оранды
Аймақтар • Кеше
Пневмонияның 42 және 2 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты
Қазақстан • Кеше
Өткен тәулікте 832 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан медицина саласында ынтымақтастықты нығайтады
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 05 Наурыз, 2021
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • 05 Наурыз, 2021
Үкіметте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабтың отырысы өтті
Үкімет • 05 Наурыз, 2021
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • 05 Наурыз, 2021
Ashyq қосымшасы арқылы тексерілетін ЖСН мәліметтері қайда жіберіледі
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • 05 Наурыз, 2021
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
АҚШ-тың екі штатында бетперде тақпауға рұқсат етілді
Әлем • 05 Наурыз, 2021
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Елордалықтар ақпан айында МӘМС-ке 3,2 млрд теңгеден аса жарна аударды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Нұрлан Ермекбаев ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Биыл Жаңақорған ауданынан күн электр станциясы пайдалануға беріледі
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Футзалдан «Евро-2022» додасының іріктеу ойындары өтті
Спорт • 05 Наурыз, 2021
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • 05 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар