«Баланың көңілі – далада» деген... Осы бір тәмсілді дәлелдегісі келді ме, кім білсін, Миялы селосында тұратын 15 жастағы жасөспірім үйінен шығып кетіп, төрт күн бойы күндіз далада «қыдырып», түнде достарының үйіне қонып жүріпті.

Осынша күн үйіне келмеген баласы үшін алаңдаған анасы Қызылқоға аудандық полиция бөлімінен көмек сұрады. Бейбіт күнде ұшты-күйлі жоғалған жасөспірімді іздеуге аудандық полиция бөлімінің, округтердегі полиция бөлімшелерінің жеке құрамы жұмылды. Кәмелетке толмаған баланы жан-жақты іздестіру үшін топ-топқа бөлінген сақшылар аудан аумағындағы ауыл-селоларды түгел тінтіп, далалық жолдарды да назардан тыс қалдырмады.
– Полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны А.Сәрсенғалиев, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, полиция майоры Б.Байжан, патрульдік полиция аға инспекторы, полиция капитаны Ж.Аманжолов, анықтаушы, полиция лейтенанты О.Еламан, жедел уәкіл, полиция капитаны Ш.Наурызғалиев баланы Миялыдан 4-5 шақырым жердегі далалық жол бойынан тауып, анасына тапсырды, – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жоғалған жасөспірімнің анасы – 1976 жылғы азаматшаның айтуынша, ұлының үйде жоғына алғашқыда соншалықты мән бермепті. Ұлын атасының үйіне кеткен болар деп ойлағанын жасырмайды. Өйткені жасөспірім бұрын да отбасындағыларға айтпастан, аудан орталығынан 100 шақырым қашықта орналасқан Қарабау елді мекеніндегі атасының үйіне жиі барады екен.
– Бұл жолы да солай болар деп ойладым. Бірақ Қарабаудағыларға телефон шалғанда, оның келмегенін білдім. Баруы мүмкін-ау деген болжаммен, барлық туған-туыстардан сұрастырып, төрт күн бойы іздестірдім. Амалым таусылғасын, полицияның көмегіне жүгіндім, – дейді төрт күннен кейін табылған жасөспірімнің анасы.
Ал жоғалып-табылған баланың айтуынша, үйінен шығарда жылы киімін, арқаға асатын сөмкесіне азық-түлік салып алыпты. Күндіз далада «қыдырып» жүргенде, бұл бала не іздеді екен?
Атырау облысы
Қазақстан бірнеше елмен сауда көлемін арттырды
Қоғам • Бүгін, 16:13
Жануарлардың күтімін бақылайтын инспекторлар пайда болады
Қоғам • Бүгін, 15:58
Ералы Тоғжанов кімдердің жалақысы артатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 15:52
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артып келеді
Қазақстан • Бүгін, 15:40
Қазақстанда ұн бағасы 23 пайызға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:27
Қазақстан ЕАЭО елдеріне қандай тауар түрлерін экспорттайды
Қоғам • Бүгін, 15:19
Бивол Джошуа Буатсимен күш сынасуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:10
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Президент • Бүгін, 14:59
Алматыда пара алған емхана меңгерушісіне сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 14:47
Мәулен Әшімбаев халықтың табысын арттырудың жаңа тәсілдері туралы айтты
Парламент • Бүгін, 14:40
Бельгияда маймыл шешегінің 6 дерегі тіркелді
Әлем • Бүгін, 14:35
Референдум: Қазақстандықтар Ресейдің 5 қаласында дауыс бере алады
Әлем • Бүгін, 14:22
Жамбылда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:12
Мемлекет басшысының Қырғызстанға сапары барысында 10 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 14:03
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 13:56
Павлодарда мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 13:47
Иранда 10 қабатты ғимарат құлап, жүздеген адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 13:35
Референдум: Конституцияда не өзгеруі мүмкін?
Референдум-2022 • Бүгін, 13:21
Елімізде 2 миллионнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
Үкімет • Бүгін, 13:10
Біртанов Бас прокурордан мемлекеттік айыптаушыларды ауыстыруын сұрады
Қоғам • Бүгін, 12:55
Есірткі сақтаған шымкенттік тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:45
Зейнетақы төңірегіндегі теңсіздіктер қайтсе жоғалады?
Қоғам • Бүгін, 12:37
Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер берілді
Спорт • Бүгін, 12:28
Елімізде 280 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады
Қоғам • Бүгін, 12:22
Қызылордада қала тазалығына жауапты жұмысшылар автобуста тегін жүреді
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:06
Артық төленген утиль алымды қайтаруға өтінім қабылдау басталды
Қоғам • Бүгін, 11:57
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен кездесті
Президент • Бүгін, 11:52
Екібастұзда 5 жастағы бала терезеден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:47
Қазақстан Қырғызстанға әскери көмек көрсетеді
Парламент • Бүгін, 11:42
Сенегал ауруханасындағы өрттен 11 нәресте қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 11:35
Алматыда лауазымды тұлғалар 50 млн теңге ұрлаған
ANTIKOR • Бүгін, 11:30
Қарағандыда заңсыз покер клубы анықталды
Аймақтар • Бүгін, 11:22
БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы ауысты
Тағайындау • Бүгін, 11:17
Қазақстан Арменияға мұнай өнімдерін сатады
Парламент • Бүгін, 11:03
Астық өңдеушілер Қазақстанда бидай экспортына тыйым салуды сұрады
Экономика • Бүгін, 10:53
Министрлердің халықпен кездесу кестесі бекітілді
Үкімет • Бүгін, 10:50
Бішкекте Еуразия экономикалық форумы өтіп жатыр
Әлем • Бүгін, 10:47
Елжан Біртанов ісі бойынша басты сот отырысы басталды
Қоғам • Бүгін, 10:40
Шымкентте түлектер отырған кортеж жол ережесін бұзған
Аймақтар • Бүгін, 10:33
Ұқсас жаңалықтар