Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Ақмолада коммуналдық қызмет ақысына жеңілдік бар

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коммуналдық қызмет түрлерінің тарифтері төтенше жағдай кезінде 10 процентке төмендетілді. Халыққа қамқорлық жасауды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған болатын.

Ақмолада коммуналдық қызмет ақысына жеңілдік бар

Төтенше жағдай кезінде Көкшетау қаласы бойынша тарифтер айтарлықтай төмендетілді. Сәйкесінше,  тұрғындардың  коммуналдық қызмет түрлеріне  қарызы болса,  ажыратуға тыйым салынды. Айта кету керек, бұл жеңілдік аясында кәсіпкерлік субьектілерінің мүдделері қорғалған жоқ. Тек бюджеттік ұйым өкілдеріне ғана жасалған уақытша шара. Осындай шаралардың арқасында қазақстандықтар бір ай ішінде коммуналдық қызметтерді төлеу кезінде шамамен 950 миллион теңгені үнемдеді дейді мамандар. Мәселен, жылумен жабдықтау қызметтерінің тарифі 1907,05 теңгеден 1716,35 теңгеге дейін төмендеген. 

–Сондай-ақ жауапты мекемелерге төтенше жағдай кезінде тұтынушыларды қарыздары үшін коммуналдық қызметтен  ажыратпау туралы хат та жіберілді.   Бұл тұрғындарға  сәуір айында 72,1 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік берді. Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының тапсырмасы бойынша  табиғи монополия субьектілеріне 2020 жылдың 1-інші мамырына дейін тапсырылатын есептерінің мерзімі бір айға шегерілді. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде зардап шекккен яғни, қарызданып қалған кәсіпкерлердің мәселесін жергілікті кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып жеке қарастыратын боламыз, дейді облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің жетекшісі Нұрлан  Жалғаспаев.

Қала халқы да қамқорлыққа дән разы.