Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Ақмолада отандық өнімге сұраныс мол

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыста  соңғы  бес  жылда  тамақ  өнеркәсібі тәп-тәуір дамып  келеді.  Аймақта жылына 62 мың тоннаға дейін ет өндіруге қауқары жететін 15, майлы дақылдарды өндіретін 8 кәсіпорын бар. Ал, 15 кәсіпорын сүт өнімін өңдеумен айналысады.

Ақмолада отандық өнімге сұраныс мол

Отандық өнімді молынан өндіру сырттан келетін тауарлармен бәсекелестікті арттыруға септігін тигізуде. Тұтынушылардың өздері де сапасы күмәнді, сырттан тасылатын азық-түліктен гөрі жергілікті жердің өнімін тұтынғанды тәуір көреді. Ал, өнім аз емес.  Күн сайын облыста  300 тонна сүт өнімі, 77 тонна  сиыр еті, 123 тонна құс еті, 2,2 млн дана жұмыртқа, 1000  тонна  ұн  өндіріледі.  Өңірге сырттан әкелінетін тауар  үлесі небары  6,5  процент.

Өңірдегі азық-түлік өнімінің үлесін әлі де ұлғайтуға болар еді. Алайда   өндіріс  көлемін  көбейту  үшін шикізат  аз. Аймақта қазір отандық өнімнің  дамуына барынша  қолдау көрсетілуде.

–Бүгінгі таңда жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында тұрақтандыру қоры  құрылған. Оған қосымша тауар сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 750 млн теңге бөлінді. Тұрақтандыру қоры тек отандық өндіріс тауарларын ғана сатып алады, дейді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп  басқармасының жетекшісі Ербол  Оспанов.

Отандық өнім өтімді әрі дамысын  десек, оның бағасы да қолжетімді болғаны жөн.