Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 50 адам анықталды

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 мамырдағы мәлімет бойынша Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 50 адам тіркелді.

Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 50 адам анықталды

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының  50 тұрғынынан  COVID-19 диагнозы нақтыланды: Оның 24-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 5-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, Ал, қалған 21-інен вирус  скрининг нәтижесінде анықталған. Тиісінше барлық науқас  инфекциялық стационарға жатқызылған.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

19.05.20 жылы Шымкент қаласы  бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 485 адамға жетті.

 

Шымкент