27 Қыркүйек, 2013

БҰҰ-ның инспекторлары Сирияны қайтадан тексермек

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27-09-13-inspektor OON-1

Біріккен Ұлттар Ұйымының инспекторлары 25 қыркүйекте тағы да Сирияға келді. Бұл туралы РИА «Новости» агенттігі хабарлады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунның Сирия үкіметі 21 тамызда жаппай қырып жоятын химиялық қару қолданғанын не қолданбағанын одан ары тексере түсу үшін Дамаскіге екінші рет сарапшылар жіберілгенін мәлімдеді.

Швециялық профессор Оке Селстромның басқаруындағы инспекторлар 22-25 тамыз аралығында Сирияда химиялық қаруға қатысты тексеру жұмыстарын жүргізген әріптестерінің бармаған жерлерін зерттемек.

Ресей тарапы бұған дейін Сирияда болған экспеттертің зерттеу жұмыстарының жеткіліксіз болғанын алға тартуда. Сол себепті Біріккен Ұлттар Ұйымы өз инспекторларын Дамаскіге тағы да жіберіп отыр.

Жолдыбай Базар.

 

Соңғы жаңалықтар