Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Елорда: Қоғамдық көліктерде бетпердесіз жүруге болмайды

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері қоғамдық көліктің жолаушылары көп жиналатын аялдамаларда күнделікті тексеру жүргізуді жалғастырады. Олардың басты мақсаттарының бірі – жолаушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Нақты айтқанда 10 мамыр күнгі Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінің автобус ішінде бетперде тағу туралы Қаулысын орындау. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елорда: Қоғамдық көліктерде бетпердесіз жүруге болмайды

Күніне бір қызметкер 80-120 автобус тексереді. Қоғамдық көліктердегі карантиндік шараларға қатысты алдын алу жұмыстарын жүргізіледі. Жолаушылар бетперде тағудан бас тартқан жағдайда, автобустан түсуін сұрайды.

Еске сала кетейік, автобустарда жол жүру ақысын қолма-қол ақшасыз өтеу қажет. Карантинге дейін қоғамдық көліктегі қолма-қол ақшасыз жүру 98% құрады, қазір 100% жетті. Жүру ақысын қолма-қол ақшасыз ету үшін көліктік карта мен басқа төлем түрлері қарастырылған. Төлем SMS, QR-код және мобильдік қосымшалар арқылы жасалады.

12 мамырда жолаушылар саны – 146 907, 15 мамырда – 237 969, 18 мамырда - 268 163 болды.