27 Қыркүйек, 2013

Сомали билігі әлемдік қауымдастықтың көмегіне зәру

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27-09-13-somali-1

Сомали үкіметінің басшысы Абди Фарах Ширдон «Аш-Шабаб» қарулы тобымен күресу үшін әлемдік қауымдастықты көмекке шақырды. Бұл туралы РИА «Новости» агенттігі хабарлады.

Қазіргі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің шешімімен 18 мыңдай әскерилер мен полицейлер Сомали республикасының аумағындағы қызмет етуде. Бұлардың басым бөлігі Кения, Уганда, Бурунди мемлекеттерінің сарбаздары.

Сондай-ақ, 2011 жылы Кения әскері келісім негізінде Сомали аумағына енгізілген болатын. Дәрменсіз елдің билігі осыншама көмек қолы созылғанымен «Аш-Шабаб» қарулы тобын тұншықтыра алмай отыр.

Тағы бір айта кетер жәйт, «Аш-Шабаб» қарулы жасағының өкілдері Найробидегі «Westgate» сауда орталығында салған ылаңдарын Сомали аумағындағы Кения әскерінің әрекеттеріне қайтарған жауабымыз деп мәлімдеді.

Жолдыбай Базар.

 

Соңғы жаңалықтар