Қоғам • 20 Мамыр, 2020

Елорда тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіленді (видео)

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы 13 мамырда ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті жасырын тергеу іс-қимылдарын жүргізу кезінде уақытша тұрғылықты жерінде синтетикалық есірткі жасауды және оларды «қойылма» деп аталатын жолмен сатуды ұйымдастырған «С» деген азаматын ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Елорда тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіленді (видео)

Жасырын есірткі зертханасында тінту нәтижесінде шамамен 2 кг «A-PVP» синтетикалық есірткісі («қара нарықтағы» құны шамамен 34 млн теңгені құрайды), орау материалдары, шыны құтылар, магнитті араластырғыш, сорғылар, түтікшелер, шыны цилиндрлер, респираторлық бетперделер, электрондық таразы, 2 кг реагент, 40 литр әртүрлі прекурсор және зертханалық жағдайда психотроптық заттар жасау кезінде қолданылатын өзге де айлабұйымдар алынды.

«С» деген азамат ҚР ҚІК 128-бабының тәртібінде Нұр-Сұлтан қ. ПД УҰИ-ға қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15

«ӨзенЖылу»: Ауқымды істер арнасы

Экономика • Бүгін, 08:10

Татулық пен мейірім мерекесі

Мереке • Бүгін, 08:05