Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Шымкенттік оқытушы республикалық байқауда жүлделі орынды иеленді

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 сәуір мен 1 мамыр аралығында елдегі төтенше жағдай мерзімінде Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Қазақ тілін үйретуге арналған ең үздік подкаст» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Республикалық байқауға 29 әдіскер-оқытушы подкаст ұсынды.

Шымкенттік оқытушы республикалық байқауда жүлделі орынды иеленді
Аталған сайыста жерлесіміз, Шымкент қалалық Тілдерді дамыту әдістемелік орталығының оқытушысы Гүлнәр Есепбаева жүлделі үшінші орынға ие болды.
 
Айта кетерлігі, осы Республикалық байқауға ұсынылған радиохабарламалар форматындағы аудиофайлдар тіл үйреніп жүрген азаматтарға таптырмайтын оқу материалы. Тіл үйренушілер бос уақыттарында қазақ тіліндегі ақпараттарды тыңдау арқылы тілдік ортаға бойлап, тыңдалым дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктеріне ие болады.
 
 
Шымкент