Технология • 20 Мамыр, 2020

Айфон ең күшті смартфон болмай шықты - сауалнама

2223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қит етсе, айфонды бірінші орынға қоятынымыз рас. Бірақ ол әрдайым көш бастай бермейді екен.

Айфон ең күшті смартфон болмай шықты - сауалнама

Америка құрама штаттарында жыл сайын тұтынушылардан сұралып, смартфондардың қанағаттанушылық индексі түзіледі. Көңілдегідей гаджеттер саны бойынша Apple  жеңсе, құрылғылар арасында Samsung компаниясының 2018 жылғы флагманы үздік болып танылған.

Сауалнаманы келісім берген барлық гаджет иелерінен алған екен. Көптеген адамнан өз құрылғысына қаншалықты риза екендігі сұралған. Appleinsider.com порталының хабарлауынша, аталған шара былтырғы 15 сәуірден биылғы 20 наурызға дейін өткізілген және оған 27 мың адам қатысқан.

Өндірушілер рейтингінде Apple өнімдеріне риза клиенттердің үлес салмағы 82%-ды құраса, Samsung Galaxy - 81% және үшінші-төртінші орындардағы LG мен Motorola көрсеткіштері сәйкесінше 79% және 77%.

Енді жекелей смартфондар арасындағы тартысқа келсек, ең сәтті гаджет болып Samsung алпауытының 2018 жылғы суперқұрылғысы Galaxy Note9 танылды. Оған риза қожайындар  85% болып отыр. Екінші орында iPhone XS Max, Galaxy S9+ және Galaxy S10 сияқты үш бірдей флагман. Ол үшеуінің индексі - 84%. Бір қызығы, ең соңғы шыққан Galaxy Note10 немесе жап-жаңа iPhone 11 рейтингке мүлде кірмей қалған.