Спорт • 20 Мамыр, 2020

Хоккей: Қазақстан әлем чемпионатында Канадамен бір топта ойнайды

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының ресми сайтында 2021 жылы өтетін хоккейден әлем чемпионатының жеребесі жарияланды. Келесі жылғы жаһан біріншілігі 7-23 мамыр аралығында Беларусь және Латвияда ұйымдастырылады.

Хоккей: Қазақстан әлем чемпионатында Канадамен бір топта ойнайды

Жеребеге сәйкес, шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы В тобында АҚШ, Канада, Финляндия, Германия, Латвия, Норвегия және Италия құрамаларымен сынға түседі. В тобының ойындары Латвия астанасы Ригада өтеді.

Элиталы дивизионның А тобында Ресей, Швеция, Швейцария, Чехия, Словакия, Дания, Ұлыбритания және жарыс қожайындары Беларусь құрамалары бақ сынайды. Бұл топтағы матчтар Беларусь астанасы Минскіде ойналады. Сондай-ақ аталған екі қалада ширек финалдың екі кездесу өтеді деп жоспарланған.

Айта кетелік, 2020 жылғы әлем чемпионаты Швейцарияның Цюрих пен Лозанна қалаларында өтуі тиіс болатын. Алайда 22 наурызда коронавирус індетіне байланысты биылғы біріншілік өтпейтіні белгілі болды.