Коронавирус • 20 Мамыр, 2020

Теңіз кенішінде 935 адам індет жұқтырды

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова еліміздегі коронавирус індетіне қатысты соңғы деректермен бөлісті.

Теңіз кенішінде 935 адам індет жұқтырды

«Өткен аптада скрининг кезінде 80 пайызға жуық науқас анықталды. Сондай-ақ белігілі бір ұжымдар арасында инфекция жұқтырғандар көбеюде. Мәселен Теңіз кенішінде бүгіндікке вирус жұқтырудың 935 жағдайы тіркелді. Сол сияқты Шымкенттегі PetroKazakhstan қызметкерлері арасында 101 адам вирус жұқтырған. Сонымен қатар үй карантиніндегі адамдармен байланыста болған 69 адамнан індет анықталды. Қарағанды облысындағы Қазақмыс коорпорациясында 34 жағдай тіркелді», деді Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, Теңіздегі коронавирустың көбеюіне байланысты Атырау облысына үкіметтік комиссия жіберілген. Кен орнындағы жұмыс уақыты мен сақтық шаралары жөнінде комиссия шешімі шығарылды. Қазір осы сақтық шараларын сақтау бойынша бақылау жүргізілуде. Егер ол сақтық шаралары сақталмаса, жұқтырғандар саны күрт өсуі мүмкін. Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер бұл жағдайда кәсіпорын мәжбүрлі түрде жұмысын тоқтататынын айтты.