«2020 жыл кібісе жыл. Яғни, төрт жылда бір келеді. Аталған жылдың төңірегінде халық арасында алуан түрлі әңгіме айтылады. Көпшіліктің пікірі кібісенің қаупі басым - деген ойда. Расымен биылғы жыл әлемде алуан түрлі оқиғалармен басталды. Солардың ішінде жер жаһанды дүрліктірген «коронавирус» індеті. Қазақстан вируспен күресті ертерек алдын алды. Әйтпегенде, науқастар саны бұдан да көп болатын еді.
Жалпы індет Қазақстанға қашан келді? Төтенше жағдай режимі енгізілген кезде кімдер жұмыс істеді? Біз барлығымыз үйде отырғанда, түрлі қауіптерге қарамай жұмыс істегендер адамдардың тіршілігі қандай болды? Олар нендей қиындықтарға төтеп берді? Міне, осы сұрақтарға біздің «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ «мультимедиа» бөлімінің түсіру тобы жауап іздеді. Арнайы жоба жасады. Бұл олардың алғашқы туындысы.
Алдағы уақытта деректі фильмдер түсіруді қолға аламыз. «Карантин» деректі фильмін бүгін, 2020 жылдың 20 мамырында сағат 20:20 біздің порталдарымыздан көріңіздер» делінген хабарламада.