Коронавирус • 20 Мамыр, 2020

Талаптарды сақтамаған еңбек ұжымдарында коронавирус әлі де таралуда

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова онлайн өткен баспасөз мәслихатында коронавирус инфекциясымен сырқаттану өсімінің себебіне сараптама жүргізілгендігін айтты.

Талаптарды сақтамаған еңбек ұжымдарында коронавирус әлі де таралуда

«Санитарлық залалсыздандыру режимін күшейту жөніндегі белгіленген талаптарды сақтамаған, маска тақпаған, арақашықтық сақтамаған, байланыстарды азайтпаған еңбек ұжымдарында коронавирус таралуда. Сондай-ақ еңбек ұжымынан тыс әлеуметтік байланыстардың артуынан вирус жұқтырғандар саны көбейіп отыр. Біз қонаққа барып, өзіміз де қонақ шақырып жатырмыз және мамандардың кеңестеріне қарамастан гигиеналық және өзіңді қорғаудың қарапайым талаптарды орындауды - маска тағуды, антисептиктерді пайдалануды, арақашықтық сақтауды қойдық. Бұл өте жұқпалы қауіпті ауру екендігін тағы бір естеріңізге салғым келеді», - деді бас санитарлық дәрігер.