«Қашықтан оқыту бойынша тиісті курстарды өткізетін боламыз. Ондай курстар дайындалып жатыр. Бағдарламадардың бірнеше нұсқаларын қарап шықтым. Бұл тұрғыда тиісті жұмыстарды атқарудамыз. Осы бағытта жан-жақты болуға екпін қойылады, оның ішінде IT-компетенциялар, балаларды оқыту әдістері қамтылады. Яғни, қашықтан оқыту жүйесі арқылы білім беру мен жұмыс істеудің мән-жайына басымдық беріледі», - деді Асхат Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, бұл компетенциялар арнайы курстарда қамтылады. Кейінірек оның барлығы кәсіби біліктілікті арттыру аясында педагогтарға оқытылады.
«Қашықтан оқыту бойынша ректорларға міндетті модульді енгізетінімізді хабарладық. Болашақ педагогтар университетте бұл технологияларды меңгеруі тиіс», - деді ол.