Білім • 20 Мамыр, 2020

ҰБТ кезінде аудиториядағы адамдар саны барынша қысқартылады - министр

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл ҰБТ тапсыру кезінде арақашықтықты сақтау мақсатында аудиториядағы адамдар саны барынша қысқартылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

ҰБТ кезінде аудиториядағы адамдар саны барынша қысқартылады - министр

«Ұлттық бірыңғай тестілеу белгіленген мерзімде, маусымның соңы мен шілденің басы аралығында өтеді деп жоспарлануда. Қазір дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Алдағы аптаның сейсенбісінде өтетін аппарат кеңесінде ҰБТ-ға дайындық тақырыбын талқылаймыз. ҰБТ-ны өткізу кезінде санитарлық талаптар мен санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейтуге  назар аударылады. Арақашықтықты сақтау мақсатында ҰБТ тапсыру кезінде аудиториядағы адамдар саны барынша қысқартылады», - деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, ҰБТ кезінде маска, респираторлар тағу міндеттеледі. Сонымен қатар, аудиторияны желдету жұмыстары іске асырылады.