Аймақтар • 21 Мамыр, 2020

Әулиеаталықтарға әлеуметтік көмек көрсетілуде

146 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Бүгінгідей карантин кезеңінің әуелі экономика саласына салқынын тигізетіні анық. Десек те еліміздің барлық аймақтарында тұрақты­лықты сақтау, дағдарысқа қарсы тұру мәселелері өзекті. Бұл ретте Жамбыл облысында экономиканы ілгерілету, орта және шағын бизнесті қолдау, сондай-ақ бүгінгі қалыптасқан жағдайда халықты қолдау бағытында шаралар қабылданды.

Әулиеаталықтарға әлеуметтік көмек көрсетілуде

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтің айтуынша, жұмыссыздықты қыс­қарту мақсатында өңір әкімдігі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жергілікті өнім берушілерді барынша тарта отырып, 61,2 миллиард теңгеге 831 жобаны іске асыратын болады. Бүгінде 95 нысанның құрылысы жүргізілуде. 9 нысанға қайта жаңғырту, 72 нысанға күрделі, 395 нысанға ағымды жөндеу және ұзындығы 741 шақырым жол­ға орташа жөндеу жұмыстары жүр­гізілу­де. Қазіргі кезде жұмыстар бас­талды. Онда 19,6 мың уақытша, 1 мың­нан аса тұрақты жұмыс орны құ­рылады. 1,3 миллиард теңге салық­тық түсімдер күтілуде. Сондай-ақ Қордай ауданында орын алған жағ­дай салдарын жоюға республика резервінен қосымша 2 миллиард теңге бөлінген. Оған 498 уақытша жұмыс орны ашылады. Бүгінде Қордай ауданының Қаракемер, Масан­шы, Сортөбе, Ауқатты, Бұлар батыр ауыл­­­дарындағы 96 көшенің жол­дарын жөндеу жұмыстары бастал­са, Қарасай, Қарасу, Ауқатты ауыл­дарын­дағы 3 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтуде.

 «Ауыл – ел бесігі» жобасымен қаралған 7,4 миллиард теңгеге 26 елді мекенде 109 жоба іске асырылады, 1287 жұмыс орны құрылады. 9 жаңа әлеуметтік нысан бой көтеріп, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы артады. Барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау бойынша «Еңбек» бағдарламасына бөлінген 16,8 миллиард теңгеге 33,2 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылады. 2 291 адам оқумен қамтылса, «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағытында 1326 кәсіпкерге 5,3 миллиард теңге шағын несие, 3346 адамға 1,8 миллиард теңге грант беріліп, 1602 адам бизнес-бастаумен оқытылуда. 15,3 мың адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылатын болса, 1168 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 4566 адам жастар практикасына жолдануда. Облыстағы 289 мыңнан астам адамға 42500 теңге әлеуметтік төлем тағайындалды. 9433 отбасына, яғни 51462 адамға 1,5 миллиард тең­геге атаулы әлеуметтік көмек таға­йын­далып, оның ішінде 9130 отбасына төленді. Кепілдендірілген әлеу­меттік топтамамен 1-6 жастағы 12,2 мың балаға әлеуметтік топтамалар жет­кізіліп, таратылды. 6-18 жастағы 19,1 мың балаға 5647 теңгенің азық-түлік-тұрмыстық жиынтық құрамы төленді. Бұл 108,1 миллион теңгені құрайды», деді Бекболат Орынбеков. Сондай-ақ елімізде төтенше жағдай жариялануына орай, 2 айлық есептік көрсеткіштен төмен емес мөлшер­де 77,1 мың адамға 429,3 миллион теңге төленген. Nur Otan партиясы филиалымен бірлесіп «Birgemiz» қорынан Тараз қаласындағы халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы 7 санаттағы 16,8 мың адамға 50 мың теңгеден, барлығы 838,4 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілген.

 Өз сөзінде Бекболат Орынбеков 9 мамыр – Жеңіс күніне орай өңірдегі 57 Ұлы Отан соғысының ардагері мен соғыс мүгедектеріне 1 миллион теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек көрсе­тіліп отырғанын, 6813 адамды бір­жолғы әлеуметтік көмек­пен қам­ту үшін 500 миллион теңге қарас­тырыл­ғанын жеткізді. «Мемлекет басшы­сының тапсырмасын орындау мақ­сатында облыстағы басым емес бюд­жет шығыстары 2,5 миллиард тең­геге оң­тайландырылды. «Орын алған төтен­ше жағдайға байланысты жергі­лікті атқарушы органдардың резер­вiн 10 пайызға дейін ұлғайту» үшін об­лыс резерві 2 миллиард теңгеге дейін ұл­ғай­тылды. Экономиканы тұрақтандыру мақсатында облыста салықтық ынталандыру топтамасы жүзеге асырылуда.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 қа­занға дейін 1674 шағын және орта бизнес субъектілері салықтан және еңбекақы төлеу қорынан алынатын әлеуметтік төлемдерден босатылды. Жалпы салықтық ынталандыру нәтижесінде облыс бюджетінің кірісі кемігелі отыр. Жергілікті бюд­жет кірісін толықтыруға респуб­лика­дан 5,6 миллиард теңге қарастырылды. «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақ­стан Республикасының 2020 жылғы 08 сәуірдегі №299-VI заңы­ның негізінде Жамбыл облысына респуб­ликалық бюджеттен қосымша 41 946,1 миллион теңге трансферттер қарастырылды. Бизнесті қолдау бағытындағы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 2 миллиард теңге, шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру­ге 778,6 миллион теңге, грантқа 171 мил­лион теңге бөлінді. Кәсіпкерлер­дің инфрақұрылымын дамыту үшін 5 жобаға 218 миллион теңге бөлінді. Бұдан 16,4 мың жұмыс орны сақ­талады. «Қарапайым заттар экономикасын» іске асыруда 68,2 миллиард теңгеге 91 жоба мақұлданды. 5234 жұ­мыс орны құрылады», деді ол.

Жалпы, ауылшаруашылық саласын қолдау мақсатында 20 миллиард теңгеден аса әртүрлі бағытта субсидиялар қарастырылған. Бағаны тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуға облыстан 220 миллион теңге бөлінген. Көктемгі егіс жұмыстары өз қарқынымен жүруде. Ал халықтың табысын арттыру жөніндегі қанат­қақ­ты жоба да өңір экономикасы­ның өсуіне өзінің оң әсерін тигізуде. Бөлінген 7,2 миллиард теңгеге 2489 өтінім қаржыландырылып, толық игерілген. Оның 1 миллиард теңгесіне 192 бірлік техника сатып алынса, 11 ауылдық округте кооперативтер құрылып, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалануға 125,9 миллион теңге және пай жерлерді пайдалануға 230,1 миллион теңге бөлінген.

«Оған тұқым, тыңайтқыштар, химиялық қорғау заттары алынды, 16 жылыжай салынды. 6,9 миллиард теңгеге 44,9 мың мал басы және мал азығы сатып алынды. 64,7 мил­лион теңгеге 12 жобада ауыл тұр­ғын­дарының жеке шағын кәсібі ашылды. Нәтижесінде, 8 мыңнан аса отбасының табысы қосымша 156 мың теңгеге артады. Ауыл шаруашылы­ғы өнімінің көлемі 2 есеге өседі және 2459 өзін өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар жеке кәсіпкер ретін­де тіркелетін болады. Мемлекет­тік бағдарламалар шегінде бөлінген қаржы да экономиканың өсуіне әсерін тигізуде. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 8,9 миллиард теңгеге 23 жоба іске асырылып бастады, 990 адам жұмыспен қамтылады. 34,9 миллион теңге салық түсімі күтілуде. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 26,4 миллиард теңгеге 151 жоба іске асырылып, 3326 адам жұмыспен қамтылып, 161,7 миллион теңге салық түседі. «Жамбыл облысын дамыту» бағдарламасы аясында 20,8 миллиард теңгеге 84 жоба іске асырылып, 1384 адам жұмыспен қамтылады, 61,6 миллион теңге салық түседі. Аталған шараларды атқару нәтижесінде облыс­та жалпы 58,7 мың адам белсенді шаралармен қамтылып, оның 52,5 мыңы жұмыспен қамтылады. 22,7 мың адам тұрақты жұмысқа орналасатын болады. 85 пайыздан аса, жергілікті 153 кәсіпорынмен өндірілетін құры­лыс материалдары пайдаланылатын болады. Жұмыстарға барынша жергілікті мердігерлер тартылуда», деді Бекболат Орынбеков.

Сондай-ақ ол инвестиция, құры­лыс жұмыстарының, пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемінің артатынын, жалпы 4,4 миллиард теңге көлемінде салық­тық түсімдердің түсуі күтілуде екенін, облыстағы өзін өзі жұмыспен қамтығандар 32,2 пайыздан 29,7 пайызға, нәтижесіз жұмыспен қамтығандар 4,3 пайыздан 4 пайызға төмендейтінін жеткізді.

 

Жамбыл облысы