Таным • 21 Мамыр, 2020

Ақтөбеде мемлекеттік тілді еркін меңгергендер көбейіп келеді

148 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ана тілін еркін меңгеруі арқылы өскелең ұрпақ бо­йында туған жері мен елін шексіз сүйе білу дағдылары қалыптасады. Оның терең иірімдеріне бойлай білу – сана­лы азамат болып қалыптасуды қалайтын жастар мен студенттердің басты парызы болмақ.

Ақтөбеде мемлекеттік тілді еркін меңгергендер көбейіп келеді

Осы мақсатта ха­лық­ара­лық Қазақ тілі қоға­мы Ақтөбе қалалық фи­лиа­лы­ның төрағасы Роман Ра­хиев­­тің ұйым­дастыруымен өткі­зі­ліп жүрген бай­қаулар туған тіл­дің тұғырын одан әрі асқақ­та­та түс­кендей әсер қал­дырады. Мем­ле­кет­тік мекемелер­де қызмет атқаратын жас мамандар, оқу орын­да­рының студенттері және өзге де өрендер қа­тыс­қан басқосулар олар­дың туған тілге деген құрметі шек­­­сіз екенін көрсетіп ке­ле­ді. Атал­ған байқауда олар жаңаша ойлау мен жаңғырудың жарқын үлгісін танытып жүр. Ақтөбелік жастардың туған тілге деген ұмтылысы олардың тұла бойындағы қайнар күш-қуатпен тамырласып тұрғаны да байқаулар ке­зін­де айқын аңғарылды.

Ана тілдің мәртебесін көтерудің жол­дары мен әдістері сан тарау. Соның бірі өзге тілді этнос өкіл­де­рінің мемлекеттік тіл­ге деген құр­ме­тін қа­лып­тас­тыру екені бел­гілі. Әрі осы арқылы ұлт­ара­лық татулық пен бір­лік­ті одан әрі тереңдете тү­су­ге жол ашылмақ. Ақтөбе қаласында дәл осылай болып жүргені көңілге риясыз жылы нұр құяды. Өткен жылы құрылғанына 150 жыл толған елі­міз­дің батыс өңіріндегі ірі шаһарда «Қазақ елі – құтты ме­ке­нім» тақы­ры­бында өткізіл­ген бай­қаулар мен кон­курс­­тардың да ауқы­мы өте кең болғаны қандай ғани­бет.   

Олар ана тіліміздің құді­ре­тін паш етіп, елдік пен бірліктің жар­қын өнегесін танытты. Сонымен бір­ге «Қазақ елі – құтты ме­кенім» тақырыбында өткі­зіл­ген байқау оған қа­тысу­шы­лар­дың бәріне үлкен серпі­ліс пен қуаныш сыйлады.

Бір сөзбен айтқанда Ақтө­бе­де мем­лекеттік тілді еркін меңгерген әрі оны өмірі мен қызметінің бір бөлшегі деп санайтын жастар қатары жыл санап көбейіп келеді.

 

АҚТӨБЕ