Еуропада пандемияның шарықтау шегі артта қалғанымен оның экономикаға тигізген зардабы орасан. Егер де шекаралар ашылса, коронавирустың қайта оралуы ғажап емес. Сонда қайтпек керек?

Бұл орайда бір-бірімен ұштасатын екі экспоненциалды үрдісті қарастыруға тура келеді. Әлеуметтік оқшаулану шаралары қабылданбай тұрып, ауруға шалдыққандардың саны бірнеше күнде еселеніп кетті. Наурыздағы шектеу мерзімінің апталық айырмашылығы, денсаулық сақтау жүйесіндегі қалыпты жұмыс кестесі мен қауырт жұмыс режімі арасындағы айырмашылықты ажыратып берді. Бұл мәселе саяси тұрғыда шешілмесе, оқшауланудың экономикалық шығындарының экспоненциалды өсуін болжау аса қиынға соқпайды. Оқшауланудың бір күнін мемлекеттік мерекемен теңейтін болсақ, оның екі апталық мерзімі тәуекелді топтағы адамдарға қаупі басым. Ал үш айға бұғатталған экономикалық тұрғыда белсенді әлеумет, оның залалымен жыл он екі ай бойы арпалысуға мәжбүр.
Өкініштісі сол, экономикалық дағдарыс та жұқпалы. Бір ғана жабылған мейрамхана көптеген даяшылар мен аспаздарды жұмыссыз қалдырып, жалға берушілер мен клиенттердің жоқтығынан азық-түлік өнімдері жеткізушілерін табыс көзінен айыруға қауқарлы. Осыдан-ақ дүниежүзілік пандемияның теріс мультипликативті әсерін бағамдай беріңіз.
Экономиканы «жардың басынан» мәжбүрлі түрде құлатуға итермеледі. Енді оның Шалтай-Болтай (ертегі кейіпкері) секілді шатқаяқтап тұрғаны емес, Джеки Чан сынды көз ілеспестей секіріп нық тұруын ойластырған абзал. Мұндағы негізгі мақсат - уақытша дағдарысты ұзақ созылмалы жараға айналдырмау. Айталық, Marginal Revolution блогында жарияланған мега жоспар бойынша жаз маусымын мерзімсіз кезеңге созу концепциясы ұсынылды. Мысалы, Үкімет сағат тілін тоқтатады. Сол арқылы бейсенбіге келген 30-шы сәуір күні жұмаға жалғасып, одан ары қарай сенбіге созылады. Сөйтіп «ертеңнің» шегі көрінбей, 1-ші мамырда төленуі тиіс жалдамалық ақының ауылы алыстай береді. Яғни, жетім Энни мен «ертеңгі күннің» арасын бір тәулік бөліп тұрғандай, локаут аяқталғанға дейін адамдардың қоржынында бір күн артық болады. Нәтижесінде ипотекалық несиені төлеу белгісіз мерзімге қалдырылады. Борышкерлерді кешіру иә болмаса қарызды кімнің және қашан өтейтініне байланысты туындайтын бейберекет проблемаларды реттеу күнтізбедегі бір күнді сызумен шешімін табады.
Бұл көптеген мәселені шешумен қатар жаңа проблемалардың туындауына да алып келеді. Джошуа Ганс «COVID-19 дәуіріндегі Экономика» атты жаңа кітабында айтқанындай: «экономиканың басым салалары жұмысты жалғастыру керек. Кейбір бағытта қарқынды бұрынғыдан да үдету түсу қажет. Демек, тайм-аут алу орынсыз».
Десек те күнтізбені уақытша тоқтату идеясы біраз нәрсені аңғартты. Атап айтсақ, ағзасы сау кәсіпорындарды тоқырауға ұшыратқан борыштық дефолттардың ағынын тоқтату кезек күттірмейтін міндеттердің бірі. Құр рақымшылық көрсетіп, құтыла салу жеткіліксіз. Неге десеңіз, жер иеленушілері мен банктердің алаңдатарлықтай әлсіз тұстары жоқ емес.
Профессор Ганстың айтуынша, бизнестің қарызын үкімет өтеуі тиіс. Мәселен, мейрамхана иелері жалдау ақысын төлей алмаса, бұған үкіметтің қолғабыс еткені абзал. Уақыт өте келе үкімет өтемақыны шартты табыстан өндіріп алады. Бұл бизнеске салынған салық үстемесі арқылы жүзеге асуы мүмкін. Студенттерге тағайындалатын мемлекеттік несиелеу жүйесінде қарастырылғандай, оны табысы қомақты адамдар ғана өтейтін болады. Еңсесін тіктеп алған компаниялар кредитті біртіндеп қайтару мүмкіндігін иеленеді. Сондай-ақ төлеу мүмкіндігі шектеулі жандардың қызметкерлерді жалдау арқылы клиенттерге қызмет көрсетіп, тауар жеткізушілердің ақысын төлеуге жол ашылмақ. Бұл жағдайда Үкіметке несие біртіндеп қайтарылып, мемлекеттік қаражат талан-таражға түспейді.
Жаһан елдерінде билік тарапынан көрсетілетін қолдаудың ауқымы сенім ұялатады. Оқшаулану мәселесінде секілді, қысқа мерзімде көлемді іс тындырған әлдеқайда тиімді. Алайда, экономикалық шығынды барынша төмендетіп, қалыпты өмірге оралғымыз келсе, вирустың екінші толқынына жол бермеу керек. Қазір қолға алынған экономикалық және медициналық шаралар бұдан да қатаң болуы тиіс еді. Үміт ұялататын тағы бір жағымды жаңалық - өзіміз сезбей жүріп, ұжымдық иммунитетке қол жеткізгенімізде жатыр. Оның анық-қанығын таяуда арнайы тест арқылы белгілі болады. Дегенмен жақсылыққа үміт артып, барлығына дайын болғанымыз ләзім. Сонымен қоса шекараларды қайта ашудың ақылды стратегиясын әзірлеуге кіріскен дұрыс.
Қарапайым мысалдар вирустың таралуын бақылау үшін жаппай тестілеу жұмыстарын қамтиды. Бұдан бөлек, барлық адамдарды төрт күнге босатып, аурудың белгілерін анықтау үшін қайтадан он күнге оқшаулану тетігін енгізу идеясы ұсынылды. Филип Кларк және Аманда Адлер бастаған мамандар ұсынған тағы бір нұсқа бойынша тақ санды үйлерде тұратын адамдарды бір күнге сыртқа жіберіп, келесі кезекте дәл осындай мүмкіндікті жұп санды үй иелеріне беру. (Мысалы Патшайым тыйын арқылы жеребе тастап, кімнің бірінші шығатынын анықтаушы еді) Бұл зерттеу қайта ашылудың салдары мен нәтижелерін анықтауға мүмкіндік бере еді.
Кез келген стратегияның өз қиындығы бар. Соған қарамастан оның бірін таңдап, келешек жоспарымыздың қам-қарекетіне кірісудің уақыты келді. Шалтай-Болтай сынды экономикамыз әлі де төменге қарай құлдилап барады. Әйтсе де оны құтқару әлі де кеш емес.
Тим Харфорд,
Financial Times.
Аударған:
Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»
Тыйым салынған заттарды колония аумағына кіргізбек болған алматылық кәсіпкер ұсталды
Қоғам • Бүгін, 17:06
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Бүгін, 16:56
Елбасы кітапханасында «Мың алғыс саған, Ұлы далам!» халықаралық дөңгелек үстелі өтті
Қазақстан • Бүгін, 16:45
Елордада әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік себеттері тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 16:44
Алматы: Коронавирустың алдын алуға барлық эпидемиологтар қатысады
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Мемлекеттік хатшы: Тоталитаризмнен зардап шеккен көп халыққа қазақ жері пана болды
Үкімет • Бүгін, 16:26
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Бүгін, 16:15
Атыраудың дәрігерлері «Туған елге мың алғыс!» челленджін ұйымдастырды
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Елордадағы табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары берілді
Қоғам • Бүгін, 15:59
Шымкенттік спортшылар стенд атудан әлем кубогінде қола медальге ие болды
Спорт • Бүгін, 15:51
Шымкентте азаматтар 30 мамандық бойынша тегін қысқа мерзімді кәсіптік білім ала алады
Аймақтар • Бүгін, 15:49
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 15:38
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 15:21
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Бүгін, 15:20
Үкімет • Бүгін, 15:17
Наурыз айында ел аумағында ұйымдастырылатын мәдени іс-шаралар кестесі жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 15:01
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Этномәдени бірлестіктердің өкілдері алматылықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Қызылорда облысының әкімі өрт салдарынан зардап шеккен Текебаевтар отбасына барды
Аймақтар • Бүгін, 14:30
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Елордада табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары табысталды
Елорда • Бүгін, 13:50
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 13:30
Сенаторлар адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша заң жобасын қарайды
Парламент • Бүгін, 13:22
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Бүгін, 13:15
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:11
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Бүгін, 13:00
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Бүгін, 12:53
Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 12:48
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:28
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:24
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Бүгін, 12:18
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған кездесу өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:13
ГМ-172/10 мекемесінде Ж.Жабаевтың 175 жыл толуына орай мерекелік іс-шара аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Ерлан Тұрғымбаев: Учаскелік пункттер желісін кеңейту керек
Қоғам • Бүгін, 12:07
БЖЗҚ салымшылары жинақтарын интернет арқылы бақылай алады
Экономика • Бүгін, 12:04
Қазақстанда бір апта ішінде 3 мыңнан аса қылмыс тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Нұрлан Нығматулин: Алғыс айту күні - жас ұрпақты мейірімділікке тәрбиелейтін ерекше мереке
Парламент • Бүгін, 11:30
Созақтық полицейлер боранда жолда қалғандарды құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
Ертең Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 11:15
40-қа жуық адамды ажалдан арашалаған шымкенттік дәрігер туралы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 11:15
Алтай Көлгінов бүгінгінің батырларына алғыс айтты
Қоғам • Бүгін, 11:09
Әлем халықтарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар?
Әлем • Бүгін, 10:45
Нұр-Сұлтан «сары аймаққа» қайта енді
Коронавирус • Бүгін, 10:41
1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Қоғам • Бүгін, 10:36
Жандарбек Бекшин дәрігерлерге алғыс айтты
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Қазақстанда «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заң әзірленеді - А.Цой
Медицина • Бүгін, 10:32
Қазақстанда ломбардтар жабылады
Экономика • Бүгін, 10:30
Биыл 6 миллионға жуық қазақстандық вирусқа қарсы вакцина қабылдайды
Медицина • Бүгін, 10:27
Алматыда Алғыс айту күніне орай этномәдени бірлестіктердің басшылары ҚХА аллеясын отырғызды
Руханият • Бүгін, 10:26
Келер жылы дәрігерлердің жалақысы қанша болатыны айтылды
Медицина • Бүгін, 10:21
«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Қоғам • Бүгін, 10:20
Ержан Біржанов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:15
Отандасымыз мәнерлеп сырғанаудан Sofia Trophy додасында қола жүлдеге ие болды
Спорт • Бүгін, 10:13
Мәулен Әшімбаев: Қоғамда Алғыс айту күні бұқаралық сипатқа ие болып келеді
Парламент • Бүгін, 10:08
Б.Сағынтаев алматылықтарға ынтымақтастық пен өзара көмектері үшін алғыс айтты
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Шымкентте отбасылық бизнес дамып келеді
Аймақтар • Бүгін, 09:53
Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакциналау басталды
Медицина • Бүгін, 09:50
Асқар Мамин: Береке-бірліктің арқасында алға қойған мақсаттарымызға жеттік
Үкімет • Бүгін, 09:38
Елбасы Алғыс айту күнімен құттықтады
Елбасы • Бүгін, 09:28
Мемлекет басшысы қазақтандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:23
Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күні
Руханият • Бүгін, 09:13
Өткен тәулікте 547 науқас қауіпті індеттен айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Елімізде бір күнде 622 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Бүгін, 06:59
Ұқсас жаңалықтар