Коронавирус • 21 Мамыр, 2020

Шымкентте коронавирустан жазылып шыққандар саны 200-ден асты 

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте соңғы екі тәулікте коронавирус инфекциясынан 20 науқас жазылып, ауруханадан шығарылды. Дертінен сауыққандардың басым бөлігі 30 жасқа дейінгі жастар. Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Шымкентте коронавирустан жазылып шыққандар саны 200-ден асты 
Қауіпті індетті жеңіп шыққандардың ішінде екі айлық сәби бар. Дәрігерлер шақалақтан коронавирус инфекциясын дер кезінде анықтаған. Нәтижесінде екі айлық қыз баласын емдеу кезінде асқынулар болмады дейді дәрігерлер. 
 
Сондай-ақ медицина мамандары сәбидің анасы мен әкесінен де коронавирус инфекциясын анықтап, емдеу шараларын жүргізді. Екі аптаға жуық дәрігерлердің бақылауында болған отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылды.  
 
Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 207 науқас дертінен айығып шықты.