Аймақтар • 21 Мамыр, 2020

25 мамырда Қостанай облысы карантинді жеңілдетудің төртінші кезеңіне көшеді

122 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді.

25 мамырда Қостанай облысы карантинді жеңілдетудің төртінші кезеңіне көшеді

Соңғы дерек бойынша, Қостанай облысында  бүгінге дейін COVID-19 вирусын жұқтырған 112 адам тіркеліп, 50 адам сауығып шыққан. Қатерлі індеттен 2 адам көз жұмған.

Штаб отырысында облыс аумағында карантиндік іс-шараларды жеңілдетудің 4-ші кезеңін енгізу туралы шешім қабылданды. Алайда  эпидемиологиялық аһуалға байланысты бұл шешімдер өзгеріп кетуі мүмкін.                  

Жедел штаб  сауда орындары мен өзге де қоғамдық мекемелердің жұмыс істеу тәртібін нақтылады. Сонымен 25 мамырдан бастап:

  1. Аумағы 2000 шаршы метрден асатын ірі сауда орындары мен дүкендердің жұмысы жанданады. Бірақ бұл нысандардағы фуд-корт, кинотеатр, ойын-сауық нысандары жұмыс істемейді;
  2. Мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдары - дамыту, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер жұмыс істей бастайды;
  3. Қоғамдық тамақтандыру нысандары сағат 7-00-ден 22-00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Бір ескеретін жайт, мұнда тамақ үстелдерінің арасы 2 метрден кем болмауы керек және тамақтанушылар саны 30 адамнан асып кетпеуі тиіс. Банкет, үйлену тойы, мерейтой, атаулы мерекелік кештер, сондай-ақ мектеп түлектерінің басқосуы сияқты іс-шараларын өткізуге рұқсат жоқ.
  4. Массаж салондары;
  5. Кітапханалар, мәдени нысандар (30 адамға дейін);
  6. спорт нысандары мен арнайы жаттығу жасау орындары (30 адамға дейін);
  7. Қонақ үйлер ( мұндағы бассейндер, жаттығу залдары, бильярд, кинозалдар, мәжілісханалар жұмыс істемейді).

Сондай-ақ, өңірлік жедел штаб шешімімен  аймақта эпидемиологиялық аһуал жақсарғанға дейін мынадай нысандар жұмысын тоқтата тұрады және кейбір шектеулер сақталып қалады:

- Вокзалдар, автостанциялар;

- Елді мекендер арасындағы қарым-қатынас;

- Тұрғындарға сағат 22-00-ден 6-00-ге дейін мекенжайынан шығуға тыйым салынады;

- Көрмелердің, кинотеатрлардың, театрлардың, ойын алаңдары (аулаларды қоспағанда);

- Түнгі клубтар, фитнес, букмекерлік кеңселер, компьютерлік және ойын клубтары, кальян, бильярд, боулинг орталықтары, караоке;

- Санаторийлер, профилакторийлер және демалыс орындары;

- Аквапарктер, бассейндер, тату-салондар;

-  Бір мезгілде 20-дан астам адам жуынатын  моншалар мен сауналар;

- Діни нысандар.

Жиын барысында облыс әкімі тұрғындарды Ораза айт мерекесін отбасында, туған-туыстарының ортасында өткізуге шақырды.

Сонымен қатар штаб отырысында облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысынан мемлекеттік органдар мен ұйым қызметкерлерінің 50%-ы қашықтан жұмыс істеуі тиіс деген тармақ алынып тасталды.

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар