Спорт • 22 Мамыр, 2020

Келісімшартын ұзартты

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын елорданың «Барыс» клубы үш спортшымен келісімшартын ұзартты.

Келісімшартын ұзартты

2016 жылдан бері «Барыс» сапында ойнап келген қорғаушы Егор Шалапов елорда командасында тағы екі жыл өнер көрсететін болды. ҚХЛ-дің өткен маусы­мында 60 ойынға қатысқан Шалапов бір шайба соғып, 10 рет нәтижелі пас асыр­ған. Сонымен қатар қақпашы Хенрик Карлссонмен біржақты келісім жасалды. Хенрик 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін «Барыс» қақпасын қорғайды.

Ал 2017/18 және 2018/19 жылғы маусымда «Барыс» құрамында ойнаған шабуыл­шы Мэтт Фрэттин клубқа қайта оралды. Ол да 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін елордалықтар қатарында болмақ.