Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Түркістандықтар Қостанай облысының тұрғындарына қырыққабат жіберді

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы 14 мамырда Мақтааралға гуманитарлық көмек ретінде 20 тонна ұн жіберген болатын. Жүк тиелген көлік Мақтааралға аман-есен жетіп, жергілікті тұрғындарға Қостанайдың сапалы ұнын таратып берді.

Түркістандықтар Қостанай облысының тұрғындарына қырыққабат жіберді

«Сыйға – сый, сыраға – бал». Шалғайдан жеткен көлікті бос қайтаруды жөн көрмеген  оңтүстіктегі бауырмал ағайын Сарыағаш ауданы Төңкеріс ауылынан Қостанай облысының аз қамтылған отбасылары үшін 18 тонна қырыққабат тиеп жіберген. Қостанайлық көлікті Төңкеріске апарып, оған көкөніс тиеуге қол ұшын созған - «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының еріктілері. 

Оңтүстіктен жеткен қырыққабат «Birgemiz» акциясы аясында енді облыстың қала, аудандарында тұратын аз қамтылған отбасыларға таратылып берілетін болады.

- Жергілікті филиалдар аймақтағы жағдайы төмен отбасылар тізімін жасап, сол тізім бойынша атаулы көмек көрсетуді әлі де жалғастырады, - деп хабарлады  «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалының баспасөз қызметі.

 

Қостанай облысы