Әлем • 22 Мамыр, 2020

Әлемдегі ахуалға шолу: Ауғанстанда вирус жұқтырғандар саны 9 мыңнан асты

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл топтамада әлемнің 188 елінде тараған COVID-19 вирусына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялап отырамыз.

22 мамырда Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 5 102 573, өлім саны - 332 924айыққандар саны - 1 948 746 адам болды (жаңартылған уақыты 10:10).

16:10

Ауғанстанда коронавирус жұқтырғандар саны 9 мыңнан асты

Ауғанстандағы коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 9 мыңнан асты, 205 адам қайтыс болды деп хабарлайды Tolo News телеарнасы.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы тәулік ішінде Ауғанстанда 542 жаңа дерек тіркелген, ауырғандардың жалпы саны 9 216-ға жетті. Сондай-ақ бір тәулік ішінде 12 адам көз жұмды, 58 адам сауығып шықты. Пандемия басталғаннан бері 993 адам жазылып шыққан.

12312

 

10:10

Дүниежүзінде 5 102 573 адам коронавирус жұқтырды.

332 924 адам қайтыс болды.

1 948 746 науқас құлан-таза айықты.

АҚШ-та 1 577 287 жағдай тіркелді, 298 418 адам сауығып шықты, 94 702 адам қайтыс болды.

Ресейде 317 554 жағдай тіркелді, 92 681 адам сауығып шықты, 3 099 адам қайтыс болды.

Бразилияда 310 687 жағдай тіркелді, 125 960 адам сауығып шықты, 20 047 адам қайтыс болды.

Ұлыбританияда 252 246 жағдай тіркелді, 1 134 адам сауығып шықты, 36 124 адам қайтыс болды.

Испанияда 233 037 жағдай тіркелді, 150 376 адам сауығып шықты, 27 940 адам қайтыс болды.

Италияда 228 006 жағдай тіркелді, 134 560 адам сауығып шықты, 32 486 адам қайтыс болды.

123