Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Атырау: Жоғалған бала кәріз резервуарына түсіп кеткен

1302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екі күннен бері атыраулықтар жоғалған баланың аман-есен табыларына сенген еді. Алайда, 1,5 жасар балақайдың сүйегі өз үйінің ауласындағы кәріз резервуарынан табылды. Өкінішті-ақ...

Атырау: Жоғалған бала кәріз резервуарына түсіп кеткен

«Жұлдыз» шағынауданындағы үйінен шығып кетіп, жоғалған балақайды іздеуге полиция қызметкерлері, 50 волонтер мен 400-ге жуық ерікті жұмылған болатын. Ұлттық ұланның сарбаздары мен төтенше жағдай департаментінің мамандары да қызметтік иттермен іздеуге қатысты. Сол маңдағы елдімекендер, саяжай учаскелері, қараусыз тұрған ғимараттар жіті тексерілгенмен, баланың өлі денесі өз үйінің ауласындағы кәріс резервуарында жатқан екен. 

-Балақай өз үйінің ауласындағы кәріз резервуарына табылды. Резервуар қоқыс астында болған, -деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Атырау