Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Көкшетауда шағын аудан көгілдір отынсыз отыр

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетаудағы «Центральный» шағын ауданының тұрғындары бірнеше күн қатарынан көгілдір отынсыз отыр.

Көкшетауда шағын аудан көгілдір отынсыз отыр

Тұрғындардың айтуына қарағанда, газдан иістену қаупі де бар екен. Тиісті орындарға хабарласып, шағымдарын айтқанымен, ол тараптан әзірге көмек жоқ.

– Біз қоңырау шалсақ, көлігіміз жоқ деген сылтау айтады. Соның салдарынан 2-3 күн бойы газсыз отырмыз, – дейді шағын аудан тұрғыны Ғайша Әбдірахманова.

Біз де осы үйге қызмет көрсететін газ қызметінің мамандарымен хабарласып көрдік.

– Бұл үйде тек 22 пәтер газға қосылған. Жалпы, газ құбырларын өткізу кезінде, одан бас тартқандар болды. Бұл желілердің бәрін біз ретке келтірдік, қысымын дұрыстадық. Иә, газдың сыртқа шығу дерегін жоққа шығара алмаймыз. Келіп жөндеп береміз, – дейді апат қызметінің жетекшісі Борис Копаница.

Газ қызметінің мамандары жақын арада газдың сыртқа шығу мәселесін шешеміз деп уәделерін берді.