Жуырда «KazBeefLTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы өздерінің жалпы жиналысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, тұрғындардың әлеуметтік тұрғыда осал топтарына қайырымдылық көмек көрсету мақсатында 2 миллион 730 мың теңге қаржы бөлді. Ауданның 47 елді мекеніндегі 195 тұрғынға азық-түлік себеттері мен шаруашылық заттарын айрықша құрметпен үлестіріп берген. Ал Олжас Қияқбаев басқаратын «Семізбай-U» ЖШС кеншілері де ауыл тұрғындарына осындай сый-сияпат жасап, ризашылықтарын алып отыр.
Халқымыз «Жомарттық – жүрек жылытады» дейді. Ақ алғыстың астарында көп қайтарым бар. Еліміз осылайша көркейе түспек!
Ақмола облысы