Бүгін қалалық штаб волонтерлері бірқатар ірі сауда орталықтары мен халық көп жиналатын орындарда болды. Басты мақсат – азаматтарға «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020-2021» бағдарламасының артықшылықтарын түсіндіру деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгін біз көптеген адамдармен кездесіп, олармен сөйлесуге мүмкіндік алдық. Шынында да, көптеген жұмыссыз жандар жұмыс табуға мүмкіндік беретін, лайықты жалақы алатын бағдарламаның барын білмейді. Біз көмекке жүгінгендердің барлығына қол ұшын созуға дайынбыз. Бұл бір реттік акция емес, мұндай үгіт-насихат тұрақты түрде жүзеге асады», - дейді ерікті Бақтияр Есентаев.
Айта кетсек, елордада «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020-2021» бағдарламасы аясында 15 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Қазіргі уақытта қалалық жұмыспен қамту орталығы мынадай алгоритм бойынша жұмыс істейді: орталық қажетті білікті мамандарды іріктеп, оларды жұмыс берушілермен әңгімелесуге жібереді.
Бүгінде жол картасы бойынша жалақы 85 мыңнан жоғары. Жұмыспен қамту жол картасы аясында 1,5 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты. Әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік және көлік инфрақұрылымы, сондай-ақ елді-мекендерді абаттандыру мақсатында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспарланған.
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Ұқсас жаңалықтар