Қоғам • 22 Мамыр, 2020

Ауа райы: Алдағы демалыста күн жылынады

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 23-25 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Ауа райы: Алдағы демалыста күн жылынады

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, сондықтан барлық дерлік аумақта жауын-шашынсыз ыстық ауа райы болады деп күтілуде.

Алайда кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік және батыста шаңды дауылдар сақталады. Тек бірінші күні, фронтальды бөлімдердің ықпалымен батыс өңірлерде кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады.