Қазақстан • 22 Мамыр, 2020

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram арнасы ашылды

551 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа Telegram арнада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және басқа да мемлекеттік орталық органдардың жаңалықтары жедел жарияланатын болады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram арнасы ашылды

«Құрметті, оқырман қауым! Өздеріңізге арналған Телеграм-арнамызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі ақпарат тасқыны толастамаған заманда атқарушы биліктің халықпен үнемі байланыста болуының маңызы зор. Осы орайда, біздің министрлік те ашықтық қағидатын ұстанып, жаңа Телеграм-арнамыздың оқырмандарымен тың әрі өзекті ақпаратпен бөлісіп отыруға тырысады. Мұнда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қызметінен бөлек, басқа да мемлекеттік орталық органдардың жаңалықтары жедел жарияланатын болады», - деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Ұсыныс-тілектерді aqparatqogam@gmail.com поштасына жіберуге болады.

«Оларды, біз, міндеті түрде күнделікті жұмыс барысында ескеретін боламыз», - деді министр.