«Шынында да арна басшылығының бастамасымен жүргізген тест нәтижесінде екі адамның вирус жұқтырғаны расталды. Қазіргі уақытта «Қазмедиа орталығы» ғимаратының жұмысы (соның ішінде «Евразия + ОРТ» ЖШС отыратын орын да) эпедемияға қарсы қатаң режимге көшірілді. Вирус жұқтырған азаматтармен жақын қарым-қатынаста болғандар анықталып, 14 күндік үй карантиніне жабылады. Ғимаратта жұмыс істейтін азаматтардың бәрі де кезең-кезеңмен коронавирусты анықтайтын тестілеуден өтеді», - деп жазды Аида Балаева facebook парақшасында.
Министр кейінгі кезде қазақстандықтар жаппай COVID-19 бойынша тестілеуден өтіп жатқанын атап өтті. Сол себепті науқастар саны бойынша ресми статистика көрсеткіші өскен.
«Өзіңіз бен туғандарыңызға қауіп төндірмеу үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бәрін сақтауға шақырамын», - деді министр.