Қазақстан • 22 Мамыр, 2020

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде мәжіліс өтті

971 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтің, сондай-ақ Министрлік басшылығының қатысуымен бейнеконференциябайланысы арқылы мәжіліс болып өтті.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде мәжіліс өтті

Мәжілісте екі мәселе қаралды: бағыныштыларының сыбайлас жемқорлығы үшін басшының жауапкершілігі туралы қараша айындағы түзетулерді түсіндіруге қатысты және Министрілктің және оның ведомствоға бағынысты ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шараларды түсіндіру бойынша жүргізіп жатқан жұмысы шеңберінде іс-шараға қатысушыларға бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық үшін жауаптылығы туралы түзетулер жеткізілді.
Мәжілісті аша отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.А. Бектенов аталған институттың Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңнамаға енгізілгенін атап өтті.

Ол одан әрі ол осы институтты іске асыру тетігіне тоқталды.
О.А. Бектенов Министрліктің бағыттардың кең ауқымына жетекшілік жасайтындағын қамтитынын және сыбайлас жемқорлықтың алды алу маңыздылығын атап өтті: «Келтірілген залал және кінәлі адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту түрінде нәтижесіне көргенше, теріс салдарлардың алдын алған жақсы».

Баяндамашы Министрлік басшылығының назарын олардың қызметі негізінен ішкі құжаттармен реттелетін және тәжірибе көрсетіп отырғандай, оларда негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жасырылған ведомствоға бағынысты ұйымдарына аударды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрестің мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі болып табылатынын атап айтты.
«Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлық ұғымы мемлекеттік қызметпен жиі байланыстырылады. Сыбайлас жемқорлық кез келген мемлекет үшін үлкен қауіп тендіреді. Ең бастысы, оның көріністері азаматтардың билікке және оның барлық қызметіне деген сенімін өзгертеді. Бұл жүйелі мәселе «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға енгізілген жуырдағы түзетулер жинағы шешуге көмектеседі деп үміттенемін. Өз тарапымнан барлық әріптестерімді сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген түріне қарсы тұруға шақырамын», - деп түйіндеді сөзін министр.

О.А. Бектенов өз сөзін қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа ықпал өтетін себептер мен жағдайларды болдырмау үшін қажетті заңнамалық негіз жасалғандығын атап өтті. Мәселе бар тетіктерді тиімді қолдануда ғана.

Соңғы жаңалықтар