Қазақстан • 22 Мамыр, 2020

«Қалбатау-Майқапшағай» автомобиль жолы биыл ашылады

56 рет көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында ұзындығы 415 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар «Қалбатау – Майқапшағай» жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жаңа жол сапарға жұмсалатын уақытты екі есеге қысқартуға, сондай-ақ оның өткізу қабілеті мен өңірдің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі таңда «China Xinxing Group» жол компаниясы мен «СП «КазГерСтрой» ЖШС 4500 мыңнан астам текше  метр жер қазу жұмыстарын орындады. Сонымен қатар, мұнда 85 су өткізу құбыры, 46 малөткелі салынды. Мұнымен қоса, мамандар 73,8 шақырымда құмды-қиыршық тасты қоспадан жасалған жолдың төсеме қабатын, 48,7 шақырымда жол негізінің төменгі қабатын, 27,8 шақырымда жоғары кеуекті ірі түйіршікті асфальт-бетоннан жасалған жол негізінің жоғарғы қабаты мен 19,5 шақырымда тығыз ірі түйіршікті асфальт-бетоннан жасалған жол жабындысының төменгі қабатын жайластырды. Барлық жұмыстардың сапасын «ЮВПЭК-Астана» ЖШС бақылайды.

Қайта жаңарту жұмыстарынан өткен соң, нысан 2 жолағы бар ІІ техникалық санаттағы жолға сәйкестендіріледі. Сондай-ақ, жобаға сәйкес мұнда 38 көпір мен жол өткелдері, 345 су өткізу құбыры мен мал өткелдер, сондай-ақ 14 демалыс алаңының құрылысы қарастырылған. Қайта жаңарту жұмыстарына 684 техника мен 1357 адам жұмылдырылды. Жоба 2022 жылы толықтай аяқталады деп күтілуде.

Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысы арқылы республикалық маңызы бар жолдардың 2807 шақырымы өтеді. Бұл – ел өңірлері арасындағы ең үлкен көрсеткіш. Бүгінгі таңда жолдардың 82,2% жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда.

Еске салайық, автомобиль жолдары саласын дамыту аясында Қазақстанда 2020 жылы республикалық маңызы бар жолдардың 4000-нан астам шақырымы құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылса, көлік қозғалысы жолдардың 2600 шақырымында ашылмақ. 

Соңғы жаңалықтар

Кәріз ауыстырудың тың тәсілі

Аймақтар • Бүгін, 13:37

Аптаның маңызды 10 жаңалығы

Қоғам • Бүгін, 11:00

Жапония Айда зауыт салады

Әлем • Бүгін, 10:40

Қандастарға әнмен тарту жасалды

Руханият • Бүгін, 09:21

XIV ғасырға тән кесене

Оқиға • Бүгін, 08:34

Zhasproject жұмысты жалғастыруда

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Адам өмірі үшін арашашы болды

Аймақтар • Бүгін, 08:16

Жаман тұмау жайылмасын деп...

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Roland Garros турнирі басталды

Теннис • Бүгін, 08:03

Ұлы дала жүрегі

Руханият • Бүгін, 07:57

«Қайрат» қара үзіп келеді

Футбол • Бүгін, 07:52

Қосағашты іздеу

Руханият • Бүгін, 07:48

Қазына қаржысын қымқырған

Аймақтар • Бүгін, 07:42

Оралханша ой толғағым келген

Руханият • Бүгін, 07:26

Шерағаң шерткен сыр

Руханият • Бүгін, 07:25

Астық жинаудағы алғашқы арпалыс

Аймақтар • Бүгін, 07:23

Адал еңбек – адам көркі

Қоғам • Бүгін, 07:19

Ер мен ерлік

Руханият • Бүгін, 07:13

Иманның бір жұлдызы

Руханият • Бүгін, 07:12

Аустралияда кит қырылды

Әлем • Бүгін, 07:02

Алаңдаушылық білдірді

Саясат • Бүгін, 07:00

Ұқсас жаңалықтар