Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Қазақстан мен Қытай сарапшылары тәжірибе алмасты

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Қытайдың медициналық сарапшылары коронавирусқа қарсы іс-қимыл бойынша тәжірибе алмасты. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Қытай сарапшылары тәжірибе алмасты

Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен Бейжің университетінің клиникалық ауруханасының сарапшылары мен ҚР денсаулық сақтау органдарының жетекші мамандары арасында онлайн-бейнеконференция өтті.

Сарапшылар бейнеконференция барысында COVID-19 індетінің таралуының алдын алу, сондай-ақ коронавирустық инфекцияны анықтау мен емдеудің тиімді тәсілдерін талқылады.

Бұған қоса, Қазақстан мен Қытайдың денсаулық сақтау саласындағы ынымақтастығын тереңдету мақсатында тараптар өзара ықпалдасуды және онлайн-конференция түрінде келіссөздер жүргізуді одан әрі жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.